Ұлы дала жүрегі

0 40

«Хан-Шатыр» ойын-сауық, сауда орталығындағы алаңда National Geographic фотографтары, Арқа төсінде тоты құстай таранып, әсем шаһарға айналған елорданың бедерлі бейнесін көркемдеген фотокөрме ұйымдастырды.

Тамыз айынан бері өтіп жатқан «Ұлы дала жүрегі» аталған көрмеде қазақстандық және шетелдік авторлардың 150-ден астам жұмысы ұсынылған. Олардың арасында Джордж Стейнметцтен басқа, бүкіл әлемді шарлаған таңғажайып суреттер Antonio Politano, Sasin Tipchai, Никита Басов, Тұрар Қазанғапов сияқты National Geographic-тің еңбек сіңірген фотографтары, сондай-ақ Батырлан Төлегенов, Александр Филипенко, Евгений Ткаченко, Айбек Аханов және басқа да танымал отандық шеберлер де бар.
Бұл іс-шараның мақсаты – шетелдік және отандық фотографтардың суреттері арқылы жалпақ әлемге қазақ елінің бас қаласын жан-жақты көрсетуді көздеген. Аталған мақсат орындалған деуге де болады. Өйткені көрмедегі суреттерден елорданың қайталанбас төрт мезгілін ғана емес, оның тыныс-тіршілігі, іскерлік- мәдени өмірі, сондай-ақ қаланың дамуына бір кісідей үлес қосқан азаматтардың бейнелері айшықты берілген. Сонымен бірге спорт әлемі мен қаланың көрікті жерлері де фотографтардың назарынан қағыс қалмаған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 12 =