Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ұлы дала батырларын ұлықтады

0 479

Жаугершілік заманда қазақтың қарыс жерін дұшпанға бермейміз деп атқа қонған батырларымыз жеткілікті. Есімдері көмескіленіп, тарих тасасында қалғандары қаншама десеңіздерші. Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырған «Баһадүр бабалар» концертінде қазір көп айтыла қоймайтын баһадүрлер дәріптеліп, насихатталды.

Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісті бәріміз білсек те, олардың сарбаздары туралы хабарымыз аз. Солардың бірі – Иманбай, Смағұл, Қабыланбай, Жапалақ, Қали атты ұлдарымен  бірге осы көтеріліске қатысқан Қалдыбай Қосаяқ­ұлы.

Қалдыбай батыр Тастөбе соғысында зеңбірек оғынан мерт болған. Осы ұрыс туралы Махамбет:

Зеңбірек боздап ұшқан соң,

Исатай батыр жөнелді-ау,

Жөнелмей батыр

неғылсын:

Ерсары мен Қалдыбай,

Ажал оғы тап келіп,

Екі арыстан тең өлді-ау, – деп жырлап, батырларды жоқтаған. Астаналық филармонияның қазақ ор­кестрінің көркемдік жетекшісі – бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айт­қали Жайымов «Қалдыбай батыр толғауы» аталатын күй жазған екен. Концерт басында орындалған шығармалардың бірі осы болды.

Жалпы, Нұрлан Бекенов, Әліби Әбдінұров, Шолпан Қорғанбек, Арман Жайым, Ержан Тоқсабанов, Серік Әбдінұров сынды композиторлардың туындылары сол заманның рухын сездіріп,
батырларға арналды.

Қазақ әдебиетінде батырлардың бейнесі мен ерлігінен хабар беретін жырлар көп. Мәселен, Дулат Бабатайұлы Еспенбет батыр туралы:

Ер Еспенбет кешегі

Ерекше ер деседі,

Тіл біткеннің шешені

Топта бермес есені.

Үлгі айтса көшелі,

Жауға шапса көсемі… – деп жырлаған. Жетісудың жүйрігі Қалқа Жапсарбаев Орақты батырды жырға қосқан. Қазіргі ақындар да баһадүрлерге өлеңдерін арнаған. Сондай бір топ жырларды Данияр Мұқан, Перизат Тұрарова, Жақсыгелді Маясаров, Айнұр Қонысбаева, Жазгүл Даңылбаева, Күнсұлу Тұрлыбекова, Әйгерім Нартүйе, Зинат Қасымова, Арайлым Рақымқызы, Жалғас Сұлтан сияқты әнші-жыршылар төкпелетті.

Кештің тізгінін ұстаған Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев әр батыр туралы мол мағлұмат берді. Соның ішінде Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр даламызды найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған Шынқожа, Текей, Әжібай, Бөрі, Алатау, Райымбек, Байбарақ, Сейіл сынды баһадүрлер жөнінде айтылды. Олардың бірін білсек, бірін білмейміз. Біраз батырдың есімдерін жаңғыр­тып, халыққа таныс­тырған бұл концерт Ұлы дала батырларын ұлықтады.

 

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды