Ұлы ақынға арнады

0 25

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік филармо­ния­сының Қазақ оркестрі Абай атамыздың 175 жылдығына арнап, жұртшылыққа онлайн концерт ұсынды.

Әсем ән мен күмбірлеген күйге толы кеш барысында, халық музыкасының сарқылмас қайнарына айналған Қорқыт, Кетбұға, Дәулеткерей, Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Сүгір, Махамбет, Дина, Алшекей секілді ұлы күйшілердің туындылары көрермендерді әсерлі сезімге бөлеп, адам бойындағы ұлттық рухтың байрағын желбіретті.
Сонымен бірге оркестрдің орындауында Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Сыдық Мұхамеджанов, Нұрғиса Тілендиев, Кенжебек Күмісбеков, Мыңжасар Маңғытаев сынды көрнекті композиторлардың әлдеқашан елдің ықыласына бөленген шығармалары көркемдігімен көңілді баурады.Концерттің бір жаңалығы ретінде, Қазақ халық ұлт аспаптары оркестріне бейімделген әлемге танымал Иоганн Штраус пен Имре Кальманның, барокко композиторы Антонио Вивальдидің туындылары тыңдаушыларды бей-жай қалдырмады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − 7 =