Ұлы ақынды ұлықтады

0 25

Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай Түрікменстанның астанасы ­Ашхабад қаласындағы Мақтұмқұлы атындағы Ұлттық музыкалық-драма театрының сахнасында Түрікменстан мемлекеттік симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Расул Клычевтың басқаруымен Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан шығармалар орындады.Оркестрдің сүйемел­деуімен әйгілі түрікмен теноры Нұры Нұрыев «Абай» операсынан «Айттым сәлем, Қаламқас», «Айдар» ариясын шырқаса, опера әншісі, сопрано Лейли Окдирова «Қарлығаш» әнін әсерлі жеткізе білді.
Кеш барысында сөз алған бас дирижер Р.Клычев екі ел арасындағы ортақ тарихи-мәдени тамырластық туралы айта келіп, қазақтың ұлы перзенті – Абай атамыз­ға құрмет көрсеткеніне өте қуанышты екенін атап өтті. Өз кезегінде Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі Еркебұлан Сапиев осы іс-шараны өткізуге ұйытқы болған Түрікменстанның мемлекеттік симфониялық оркестрі мен Мәдениет министрлігіне және сахнада өнер көрсеткен айтулы өнерпаздарға шынайы алғысын жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + eighteen =