Ұлы ақын бейнесін салды

0 19

Ұлттық музейдің ашық алаңында «Стрит-арт» перфомансы өтті.

Іс-шараның мақсаты – отандық бейнелеу өнері түрлерінің сан алуандығын көрсету, соның ішінде граффитиді насихаттауға негізделген. Стрит-арт өнерінің жаңа мүмкіндіктері көрермендерге тарихи тұлғаларға байланысты қазіргі заман тақырыбын терең ашатын ең маңызды, құнды туындыларды ұсынады.
Мәдени шараның ашылу салтанатында Ұлттық музей директорының орынбасары А.Қасеналин, ҚР Суретшілер одағының мүшесі М.Байбосын, суретші-безендірушілер Р.Сәкенов, А.Шекерлер құттықтау сөз сөйлеп, бейнелеу өнеріндегі перфоманс және граффити жанрларының маңызын атап өтті.
«Стрит-арт» перформансында бірқатар республикалық және халықаралық байқауларының жеңімпаздары, суретшілер Райымбек Сәкенов пен Айдос Шекер қатысып, ұлы ақынның мерейтойына арнап Абай атамыздың бейнесін салды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − sixteen =