Ұлттық құндылықтарды насихаттайды

0 17

Брюссельдегі Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі жанынан «Тіл-
Қазына» Қазақ мәдени орталығы ашылды.

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Айгүл Құспан өз сөзінде Қазақ мәдени орталығы арқылы мемлекетіміздің рухани бай мәдениеті мен тарихын насихаттау­ға ниетті екенін атап өтті.
– Болашақта біз Қазақстаннан асырап алынған балаларды, сондай-ақ қазақ диаспорасын мәдени орталығымыздың жұмысымен таныстыруды жоспарлап отырмыз. Олар үшін Отанымен байланысын сақтауға орталығымыз себепкер болады деген үміттемін.Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз. Әр ұлт ана тілінің өзіндік ерекшелігімен, қалыптасуымен дараланады. Халқымыздың өткені мен болашағы, баға жетпес байлығы – ана тілі. Олай дейтін себебіміз, тіл – халықтың ұлттық болмысы, сәні, кескін-келбеті, тарихы. Мәдени орталығымыз бәрімізге ортақ қазына болады, – деді елші.
Жаңа ашылған орталықта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақтар, ел тарихы мен мәдениеті туралы семинарлар, ұлттық қолөнер мен тағамдар бойынша шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге онда екі жыл бұрын елшілік құрған қазақ би орталығы өз жұмысын жалғас­тырады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + seventeen =