ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНАДЫ

0 228

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізімінде Қазақстанның үш нысаны бар. Олар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглифтік тас кешені және Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан өңіріндегі көлдер. Оған қоса, қазір Жапонияның қолдауымен ежелгі Отырар қаласының орнын осы тізімге енгізу қарастырылуда.

Бүгінде ЮНЕСКО-ның «Әлем зердесі» деректі мұрасы­ның Дүниежүзілік тізіміне қазақ­стандық құнды деректерді кіргізу жұмыстары қолға алынды. Елі­міздің Мәдениет министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлының айтуынша, айтыс, қазақ үйiн жасау ерекшелiктерi, саятшылық сынды көптеген дәстүрді ЮНЕСКО тiзiмiне енгізу көзделуде. Сонымен қатар, Семей-Невада анти­ядролық қозғалысы мен Арал теңі­зінің проблемалары да тыс қал­майды. «Бiздiң мақсатымыз – келер аптада өтетін кеңес аясында Қазақстанның көптеген құн­дылықтары мен ерекше дәс­түрлерiн ЮНЕСКО тiзiмiне енгiзу» дейдi министр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − eight =