«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«ULTTYQ ÓNIM-2019»

0 199

Жақында Тәуелсіздік сарайында ерекше көрме өтті. Ерекшелігі сол, онда тек қана ұлттық өнімдер жұртшылық назарына ұсынылды.

«Даму» қоры ұйымдастырған көрмеге Ресей, Пәкістан, Әзербайжан, Малайзия, Түркия, Оңтүстік Корея, Польша, Өзбекстан елдерінен 500-ден аса компания қатысты. Сондай-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінен азық-түлік, құрылыс, жиһаз, тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы секілді түрлі салаларды дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер бас қосты.
«Даму» қорының басты мақсаты – еліміздегі шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту. Енді осы міндетті орындау үшін «Даму» қоры Өзбекстан және Әзербайжан мемлекеттерімен бірлесіп жұмыс істейтін болды.
– Шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық орнатып отырғанымыздың мәні зор. Бүгін біз Әзербайжанның ШОБ дамыту агенттігімен және Өзбекстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік қорымен бірге келісімге қол қойдық. Бұл келісім серіктестігіміздің негізін қалап, бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін мүмкіндіктер ашады, – деді «Даму» қорының басшысы Гауһар Бөрібаева.
Өз кезегінде Өзбекстанның министрлер кабинетінің мүшесі Екуб Омаров бұл келісімнің орны ерекше екенін айта келіп, «Ulttyq ónim-2019» көрмесі өзге елдермен қарым-қатынас орнатуға үлкен септігін тигізетінін жеткізді.
– Біз «Даму» қорының қызметін жоғары бағалаймыз және орнатқан серіктестігіміздегі алғашқы қадамдар осы көрме аясында жасалғанына қуаныштымыз. Меморандум біздің шағын және орта кәсіпкерлігіміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, – деді Әзербайжан KOBIA ШОБ қолдау агенттігінің басқарма төрағасы Орхан Мамедов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды