Ұлттық болмысты ұлықтаған…

0 114

Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық ақпараттық-ағарту штабының төрайымы, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының лауреаты, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзадамен «Тамыры терең елдің тұғыры биік» тақырыбында онлайн кездесу өтті.Қазіргі жаһандану заманында ұлттық болмысқа деген көзқарас өзгеріп кеткені белгілі. Сондықтан ұлттық сананың дертке ұшырауына жол берілмеуі керек. Осы тақырыпта сөз өрбіткен танымал қолөнер шебері рухы биік тұлғалар жайында ой қозғады.
– Ұлттық болмысымыз қалай? Оның қадірін біле алып жатырмыз ба? Тамыры терең, тұғыры биік, мәртебесі жоғары, ол әрине қарапайым ғана біздің ұлттық болмысымыз. Ұлтқа жаны ашып, ұлттың болмысын айтып кеткен ұлы Абайымыз, дана Мұхтарымыз, Қаныш Сәтбаев, Жамбыл атамыз сынды тұлғаларымыздың өздері неге тұрады? Ешбір шетелдік оқу оқып, Гарвард университетінен білім алмай-ақ, осы кісілер бүкіл ұлттың болмысын ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа айтып, жазып, жеткізіп кетті. Олар айтқан сөздер талай жылдар қазақ елін сусындататыны белгілі. Демек, тамыры терең бойлаған елдің тұғыры қашан да биік!, – деген Ырза Тұрсынзада елдің рухын көтеріп, жігерлендіретін әйел қауымының орны жоғары екенін тілге тиек етті.
«Қоғамда әйел қауымының орны бөлек. Дәл қазіргі жағдайда көп күш ер азаматтарға түсіп тұрғаны белгілі. Себебі бала-шағаның күнделікті жейтін тағамы, қара қазанның қамы ерлердің мойнында. Қиыншылық келіп тұрған сондай кезде ер азаматтарға қолдау көрсететін біздің аналарымыз болып келеді. Тарихтан білесіздер, қазақ аналарының иығына талай ауыр жүктер түскен. Сол қиыншылықты да жеңіп шыққан қазақ арулары болатын» деді ол.
Жақында Ырза Тұрсынзада этнодизайнерлікке қатысты «Yrza Tursynzada live» ютуб каналын ашып, тегін шеберлік сабақтарын жүргізуді қолға алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − nine =