Ұлттар достығы телекөпірмен жалғасты

0 31

Кеше елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған телекөпір онлайн-форматта өтті.Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты Владимир Божко, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, Ассамблеяның астаналық спикерлері және еліміздің барлық өңірлеріндегі ҚХА мүшелері қатысты.
«Бүгінгі телекөпіріміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 29 сессиясының қорытындысы бойынша өтеді. Сессияда Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 30 жыл бұрын Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы халқы бірлікте, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру үшін жалғыз дұрыс және іргелі таңдау жасағанын атап айтты. Осының арқасында біз әлеуметтік-экономикалық дамуда және халықтың әл-ауқатын жақсартуда айтарлықтай прогреске қол жеткіздік» деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.
Ассамблея сессиясының бір маңызды аспектісі – Елбасының соңғы жылдары мемлекеттік саясатты және Ұлттың жаңа бірегейлігін құрудың бес қағидатын анықтап бергені болды. Бірінші – мемлекет пен азаматтар арасындағы сенім мен өзара іс-қимылға негізделген қазақстандық патриотизм қағидаты. Бұл қағидат толығымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларының аясында жатыр. Екінші – азаматтық теңдік қағидаты. «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» формуласы осы қағидатты іске асырудың негізгі құралы болуы тиіс. Үшінші – мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тіліне айналу принцпі. Тіл – халық бірлігінің өзегі. Төртінші – бүгінгі таңда бізде іс жүзінде интеркультурализм қағидатымен белсенді түрде толықтырылатын «әртүрліліктегі бірлік» қағидасы. Бесінші – ұлтты тұрақты жаңғырту қағидаты. Осы қағидаттар Қазақстанның одан әрі дамуы мен ілгерілеуі үшін шешуші мәнге ие бола бермек. Телекөпірдің негізгі бағыты осы қағидаттар төңірегінде өрбіді.
Сондай-ақ телекөпір барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIX сессиясының қорытындыларын, сондай-ақ қоғамда жалпыұлттық бірлік, азаматтық бірегейлік және патриотизм құндылықтарын қалыптас­тырудағы ҚХА-ның рөлі мен міндеттері талқылады.
Аймақтардан келген қатысушылар ZOOM конференц-платформасының көмегімен онлайн режимде қосылды.

Көктем ҚАРҚЫН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 2 =