Ұлтаралық чемпионат өтті

0 104

Елордамыздағы «Дәулет» спорт кешенінде Елбасының жастарды бұқаралық спорт түрлеріне баулу жөніндегі тапсырмасы аясында «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты мен «Street Workout World» қоғамдық ұйымы елорда әкімдігінің қолдауымен «Street Workout» көше спорты түрлерінен «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты I Ұлтаралық чемпионат өткізді.

Чемпионатқа Қазақстан, Америка, Ұлы­бри­тания, Израиль, Молдава, Латвия, Эстония, Испания, Ресей, Украина сынды елдерден­ көше спортының майталмандары келіп, бақ сынады.

«Біздің дәл осы спорт түрін таңдаған себе­бі­міз, бұл – арнайы залдарды талап етпейтін спорт. Турниктер және қырлы бөренелер сынды қарапайым құрылғылар қаламыздың кез келген ауласы мен көшелерінде бар. Осы спортты жалпы халыққа таныта отырып, біз қазіргі жастарымызды салауатты өмір сал­тын­­ ұс­та­ну­ға ынталандырғымыз келеді» деп атап өтті партияның қалалық филиалы төр­аға­сы­ның бірінші орынбасары Сапар Ахметов.

Өз кезегінде «Street Workout WORLD» халықаралық қозғалысының көшбасшысы Денис Минин: «Бұл – біздің идеологиямыз. Біз есірткіге, темекіге және алкогольге қарсы соққы жасаймыз. Біз олармен бүтіндей бір әлем болып күресеміз» деді.

Сайыстың жекелей сын аталымында ресей­лік­ спортшы Руслан Миначов топ жарды. Қырлы бөренелер сынынан Виталий Шовкопляс сүрінбей өтті. Ал, бір қолмен тартылу жарысында Евгений Кочерга бірінші орын иеленсе, екі қолмен тартылып жарысқандар ішінен испандық Анке дес бермеді.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =