Ұлт ұстазы ұлықталады

0 63

ЮНЕСКО-ның 41-інші бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен тілтанушы, әдебиет зерттеушісі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы енді.

Без названия

Қазақстанның Франциядағы елшісі және ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Жан Ғалиев бас конференцияға ұсыныстарымыз­ды қолдағаны үшін алғыс білдіріп, мүше мемлекеттерді және ұйым хатшылығын аталған мерейтойлар аясында елімізде және шетелде өткізілуі жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды.

Жалпы 2022-2023 жылдарға арналған тізімге ұйымға мүше мемлекеттер ұсынған 67 мерейтой кірді. Бұдан басқа, бас конференция аясында жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша Қазақстан 2021-2025 жылдар кезеңіне ЮНЕСКО-ның екі субсидиарлық органдарының, атап айтқанда, Халықаралық гидрологиялық бағдарламаның және Коммуникацияны дамытудың халықаралық бағдарламасының үкіметаралық кеңес­терінің құрамына сайланды. ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер Қазақстанға білдірген сенімі – еліміздің ұйым қызметіне қосып жүрген мазмұнды үлесін тану.

Осы күнге дейін деректі мұраның «Әлем жады» халықаралық тізіміне – 3, дүниежүзілік мұра тізіміне – 5, материалдық емес мәдени мұра тізіміне – 11, биосфералық резерваттар желісіне – 13, естелік даталар күнтізбесіне 25 қазақстандық ұсыным енгізілді. Елімізде ЮНЕСКО-ның 5 кафедрасы, 31 қауымдас­тырылған мектебі, 50-ден астам клубы жұмыс істейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 1 =