ҰЛТ ҰЛЫЛАРЫ – ЮНЕСКО ТІЗІМІНДЕ

0 179

251903ЮНЕСКО ұйымы қазақстандық танымал режиссер Шәкен Аймановтың 100 жылдығын ресми атаулы шаралар күнтізбесіне қосты.

Бір қуанарлығы, он тоғыз жылда бұл тізім Қазақстан үшін он төрт мерейлі күнмен толыққан. Олардың қатарында, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Махамбет Өтемісұлы қатарлы ұлт ұлылары мен Мұхаммад Хайдар Дулати, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан, Ақжан Машани сынды дарынды ғалым-зерттеушілердің мерейтойлары бар. Бұдан бөлек, ЮНЕСКО-ның атаулы күндер қатарына Түркістанның 1500 жылдығы, Тараз қаласының 1500 жылдығы, сонымен бірге «Қыз Жібек» эпосының 500 жылдығы, композитор Ахмет Жұбанов пен суретші Әбілхан Қастеевтің 100 жылдығы да тойланған болатын.

Келесі жылы ЮНЕСКО-ның тарихи күнтізбесіне белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығын қосу жоспарланып отыр.

Жұма ҚАЗИЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 10 =