Ұлт мұрасын сүюге үйретеді

0 63

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 18 мамыр – Халық­аралық музейлер күніне орай еліміздің музей ісінің мамандарын мерекемен құттықтады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.– Музейлер – әрбір адам баласы үшін демалыс және өзін-өзі жетілдіру орны. Музейлерсіз қоғамның интеллектуалдық, мәдени, білім беру деңгейін көтеру мүмкін емес. Яғни, музейлер өз елінің және әлемдік өркениеттің мәдени және рухани мұрасын сүюге және түсінуге үйретеді, – деді министр.
Музейлер Қазақстанның мәдениетін шетелге таныстыруда да зор үлес қосып отыр. Айталық, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан ең жарқын жобалардың бірі – «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» – соның айғағы. Үш жыл ішінде «Алтын адам» әлемнің 26 елінің ұлттық музейлерінде көрсетілді.
«Коронавирус пандемиясына байланысты музейлердің онлайн режимде ұсынған белсенді жұмысын да ерекше атап өту керек. Осы күндері музейлер келушілер үшін виртуалды кеңістікте қолжетімді болды. Соның арқасында биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық музейі мен Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік музейі ТМД елдері ішінде виртуалдық музейлердің үздік бестігіне енді. Биыл Қазақстанның музей ісіндегі теңдессіз флагмандардың бірі – Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің ұжымы 85 жылдық мерейтойын атап өтеді деп жазылған құттықтау хатында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven + 17 =