Үлкенге құрмет – баршаға міндет

0 118

Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік филармония ұжымы 1 қазан күні елорда іргесінде орналасқан Ақмол ауылы тұрғындарына арнап мерекелік концерт қойды.  

Іс-шара аясында Целиноград ауданы әкімі Бақберген Мәуленовтің бамасымен Мәдениет үйінде қарттарға арналған салтанатты жиын өтті. Астанадан барған әншілер мен бишілер жергілікті қариялардың көңілін бір серпілтіп тастады. Мерекелік кеште аға буын өкілдері Ақан сері мен Біржан салдың әндерін сүйсіне тыңдап, «Шалқыма» би ансамблінің мың бұралған билерін тамашалады. Әсіресе, белгілі әнші Ерлан Рысқалидың орындауындағы халық әндерін ыстық ықыласпен тыңдады. Мерекелік концертке ауданға қарасты 18 ауылдық округтен жүзге жуық қария жиналған. Оларға аудан әкімшілігі азық-түлік салынған қалта таратты.
Бүгінде Целиноград ауданында 4684 зейнеткер тұрады. Оның төртеуі Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 357-сі тыл еңбеккерлері. Аудан басшылығы тарапынан олардың бәріне әлеуметтік көмек көрсетіліп, қамқорлық жасалуда.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =