ҮЛКЕН ЖОЛДЫҢ ҮСТІНДЕМІЗ

0 68

Елбасы Отанымызды одан әрі дамыта берудің, ел тұрмысын жақсарта түсудің ұзақ мерзімді бағдарламасы – «Қазақстан-2050» стратегиясында­ Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Дәл осы істі мықтап қолға алуды­ көздеген біздің ұстаздарымыз еселенген жігермен игі іске жұмылуда.

Жолдауда айтылғандай, білім жүйе­сін­дегі бүкіл жұмыс жоғары нәти­же­лер­ге қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Елбасы білім саласы мамандарынан осыны талап етіп отыр. 2015 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білімге тартылатын балалардың үлесі респуб­ли­ка бойынша 74 пайызды құрап, 2020 жылы оны 100 пайызға жеткізу көзделуде. Сондай-ақ, барлық білім беру ұйымдарының 90 пайыздан астамын кең жолақты интернетке қосу, 60 пайызында электронды оқыту жүйесін енгізу міндеті алға қойылған. Бұл – біздің елдегі білім беру жүйесі үшін аса маңызды қадам.

Кез келген технология білім беру мақсатынан бастап, оның түпкі нәти­жесіне дейінгі аралықтағы оқы­ту­дың­ әдістемелік жүйесіне енетін барлық компоненттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуі­нің­ тиянақталған жолы болып табы­ла­ды. Осындай жаңа технология­ны­ жүзеге асыруда мұғалімнің белсен­ді­лі­гі, шығармашылық ізденісі, алдын­дағы шәкірттің үлгерімін баға­лауы шешуші рөл атқарады. Бүгін­гі­ білім беру жүйесінде кеңінен қол­да­ны­лып жүрген В.Зенковтың «Дамы­та­ оқыту», Ж.Қараевтың «Үш өлшем­дік­ жүйе», М.Жанпейісованың «Инте­р­ак­тивтік-модульдік оқыту» техно­ло­гия­ларын мектебіміздің ұстаз­да­ры өз сабақтарында пайдаланып­ келеді.

Компьютерлік оқыту – инте­рак­тив­ті тәртіппен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйре­ну­ді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Қазіргі таңда ақпаратты бел­сен­ді­лен­діру тақтасын ұстаздар әр сабағында пайдаланады. Жалпы­ білім беретін мектептің тағы бір басты мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игі­ліктер мен адамзаттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, жан-жақты жарасымда тәр­бие­леп, оқыту. Осы орайда мектеп ұжымы ата-аналарға және бізбен қарым-қатынастағы барлық қоғам мүшесіне бұл мақсаттың маңыз­ды­лы­ғын­ түсіндіріп, ұлт болып ұйысудың жаңа тетігін ұсынған Елбасының сарабдал саясатын жүзеге асыруға күш-жігерін салады әрі сауатты ұрпақ қалып­тас­ты­руға өзіндік үлес қосады.

Сонымен қатар, біз қашықтан және онлайн режімінде оқытуға, отандық білім беру жүйесіне инновация­лық­ әдіс­терді, шешімдерді және құрал­дар­ды қарқынды енгізуге атсалысып жатырмыз. Осы бағытты мықтап ұстанып, өңірдегі мектептермен ынтымақтастық орнатуды қолға алдық. Оған қоса ұстаздардың өзара тәжі­рибе алмасу ісін де дамытып жатыр­мыз.

Сондай-ақ, барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауат­ты­лы­ғына да айрықша назар аударылуда. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген, алғыр болып өсуі үшін мұның маңызы зор.

XXI ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі заман талабы екенін білеміз. Елімізде бұл жүйені енгізуге байла­ныс­ты ауқымды жұмыстар жасалуда. Мектебіміздің технология пәні мұғалімі М. Қожахметов осы бас­та­маға үлес қоса отырып, 12 жыл­дық білім беру жүйесіндегі 5-сынып оқушыларына арналған оқулық жазып шығарды. Кітап жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отба­сын­дағы тірлікке, кәсіпке даярлап, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалып­тас­ты­ру­ды міндеттейді.

Жұмағазы ӘЛПІШЕВ,
№56 мектеп-лицейдің
директоры

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 15 =