Үлкен жиырмалыққа үн қосу

0 88

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербордағы G20 саммитінің сессиясына қатысты. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.  

Мемлекет басшысы маңызды әлемдік шешімдерді қабылдау кезінде көптеген дамушы елдердің ұстанымы іс жүзінде назарға алынбайтынын айтты.

– Қазақстан тәрізді елдердің де пікірі еленуі үшін бұдан екі жыл бұрын менің тарапымнан G-GLOBAL жобасы бастама ретінде көтерілді. Ол G8-ге және G20-ға балама емес, қазіргі кезде ақпараттық-коммуникативтік алаң ретінде іске асырылып жатқан жаһандық диалогтың қосымша құралы ғана, – деді Мемлекет басшысы. G-GLOBAL-дан бөлек Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен Астанада 104 елдің экономикалық ведомстволары жетекшілерінің қатысуымен Дағ­дарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өткізілді. Осы инновациялық жаһандық диалог форматына баса назар аударған Елбасы мейлінше өзекті проблемаларды шешуге қатысты өз көзқарасын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев айтылған ұсыныстардың назарға алынып, аталған салалардағы қызметтің жандана түсетініне сенім білдірді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 1 =