ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШIЛIК ЖҮКТЕЙДI

0 127

966264579

Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керектігін баса айтты.

Астана қаласының балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі Манас көшесіндегі 19-үйде, екі қабатты ғимаратта орналасқан. 1981 жылы ол ақыл-есі кем балаларға арналған балалар үйі ретінде ашылса, кейін мекеме базасында балалардың күндізгі уақыттарын осында өткізуіне мүмкіндіктер қарастырылып, күндізгі бөлімшесі ашылды.

Қазіргі кезде Астана қаласы әкімдігінің балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде 210 бала тәрбиеленуде. Стационар бөлімшесінде 120 бала болса, күндізгі бөлімшеде үш жастан он сегіз жасқа дейінгі созылмалы ауруларға ұшыраған, аутизмі,  Даун синдромы бар 90 тәрбиеленуші бар. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөліп, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуына күш жұмылдырудамыз. Мүгедектер тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінуі үшін мекемедегі балаларды еңбекке баулып, мүмкіндіктеріне қарай жұмыс істеуге, келешекте өмірден өз орындарын табуға тәрбиелейміз.

Елбасы «Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады» дей келе, барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесуге шақырды.

Сонымен бірге Жолдауда Мемлекет басшысы Мәңгілік Ел идеясын көтерді. Онда Мәңгілік Елдің егемендігін тұғырлы ету мәселесіне назар аударды. Мемлекетіміздің болашағын дұрыс бағдарлап, қазіргі замандағы даму үрдістерінен қалып қоймай, әлемдегі өзіміздің лайықты орнымызды иеленуге тиіспіз. Енді бұдан былай тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді сәт сайын нығайта беруіміз керек. Идеологиялық жұмыстарды жетілдіріп, халқымызды Мәңгілік Ел идеясына жұмылдыруымыз қажет. Негізі, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі бас­ты мақсатымыз – Мәңгілік Ел құру болатын. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында ол мақсатқа жетудің жолдары мен тетіктерін көрсетіп, кезеңдерін белгілеп берді. Енді Үкімет пен Парламент палаталары, сондай-ақ, басқа да қоғамдық ұйымдардың бәрі осы Мәңгілік Ел идеясының қасынан табылып, кемел келешек жолына жұмылуға тиіс.

 

Құралай ҚОЖАМҚҰЛОВА,    

Астана қаласының балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі бас директорының орынбасары

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 14 =