Үлкен міндеттер үдесі

0 138

Жемқорлықты атам  заманнан келе жатқан, Жер шарындағы мемлекеттердің  бәріне тән індет деп есептеуге болады. Өкініштісі, бұл мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды. 

Сондықтан Елбасымыз жуырда жасаған Жолдауында салық саясаты туралы айта келе: «Біз нарық қатысушыларын салықтан жалтару жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке ынталандыруымыз қажет» деді.

Жемқорлықтың бір түрі осы салықтан жалтару, сыбайластық, таныс-біліс арқылы қанша табыс тауып отырғанына қарамастан, мемлекетке тиісті үлесін қосу­дан басын алып қашу. Бұл – өз кезегінде ел дамуына тежеу болады. Сондықтан, 1998 жыл­дың 2 шілдесінде Қазақстан Рес­­пуб­ликасының «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, мем­лекеттік қызметкердің, ел азаматтары­ның міндеті екендігі атап көр­сетілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен «2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бағ­дарламасы» бекітілді. Осы бағытта Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау ми­нистрлігі де өз жоспарын бе­кі­тіп жұмыс жасауда. Бұл бағ­дар­ламаның басты мақсаты – індетке белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге ба­ғыт­талған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру. Аталмыш бағ­дар­лама азаматтардың құқық­тары мен бостандықтарын қор­ғауға, сыбайлас жемқорлық көрі­ніс­те­рінен туындайтын қауіп-қатерден елімізді сақтауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу­ға бағытталған.
Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясы арқылы үлкен мақ­сат-міндет­тер жүктеп отыр. Со­ның бірі – алдағы жылдары елі­мізді әлем­нің ең дамыған 50 елінің қатары­на енгізу. Бұл орайда, өзін пат­риотпын есептейтін әр азамат жем­қорлық пен арсыздықтан ада, ел мүддесін өз мұратынан бө­ліп қарамауы тиіс.

Оспан МҰХТАРХАНОВ,
заңгер

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 3 =