ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ҮДЕСІ

0 141

         

2012 жылғы «Сарыарқа» ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есептік ақпараты және 2013 жылға жоспары

 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әлеуметтік-экономикалық паспорты

 «Сарыарқа» ауданы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 1998 жылдың 6 мамырында құрылды. Жалпы аудан аумағы 19 202 га құрайды, онда 301 мың 5 адам тұрады (2012 жылдың 1 қарашасына).

Аудан аумағында:

  • 80 ірі, орта құрылыс және өнеркәсіп кәсіпорындары бар;
  • 38 959 шағын кәсіпкерлік  субъектілері мен заңды тұлғалар тіркелген;
  • 139 ПИК, ЖШС-і  957 тұрғын үйлерге қызмет көрсету саласында жұмыс атқарады;
  • 3 апаттық – диспетчерлік қызметтері бар;
  • 157 көгілдір отын жеткізетін құрылғылар, 482 тұрғын үйлерді көгілдір отпен қамтамасыздандырады;
  • 813 лифт құрылғылары бар;
  • 40 жалпы білім беру мекемелері бар, оның ішінде:

–      32 орта мектептер (30 005 оқушы),

–      №1 мектеп-интернат,

–      Арнаулы коррекциалық мектеп,

–      №39 жұмысшы жастар мектебі (кешкі мектеп),

–      Балалар көркем мектебі,

–      Балалар музыка мектебі,

–      М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайы,

–      Кәмелетке  толмағандарға арналған пана үйі,

–      Кәмелетке  толмағандарды уақытша оқшаулау бейімдеу және оңалту орталығы.

  • 32 мемлекеттік бала бақшалар (7 187 бала);
  • 7 жоғары оқу орындары;
  • 19 кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері;
  • 16 аула клубтары (4 360 бала айналысады);
  • 21 денсаулық сақтау объектілері;
  • 2 халыққа қызмет көрсету орталықтары және 4 филиалдары;
  • 15 банк жүйесі мекемелері;
  • 25 мәдениет және спорт объектілері;
  • 5 спорт кешендері («Астана», «Динамо», «Евразия», «Жас батыр», «Сарыарқа»);
  • 2 стадион (Қ. Мұнайтпасов атындағы Орталық стадион, «Жас батыр» стадионы);
  • 1  «Тұлпар» ат – спортты клубы;
  • 17 бұқаралық ақпарат құралдары;
  • 61 үкіметтік емес ұйымдар;
  • 5 саяси партиялар;
  • 14 діни бірлестіктер;
  • 28 саябақтар;
  • 4 театрлар;
  • 3 мұражайлар;
  • 1 мемлекеттік филармония;
  • 9 кітапханалар;
  • 9 этномәдени орталықтары;
  • Қызмет көрсету саласы нысандары:

–      28 сауда үйлері,

–      401 дүкендер,

–      5 кондитерлік цехтар,

–      25 гүлдер павильондары;

–      63 қонақ үйлер;

–      4 автосалондар;

–      59 мейрамханалар,

–      93 дәмханалар,

–      3 түнгі клубтар,

–      29 авто жанармай құю станциялары,

–      42 ТҚШ,

–      62 шаштараздар,

–      5 химиялық тазарту нысандары,

–      13 базар орналасқан.

  Құрметті «Сарыарқа» ауданының тұрғындары!

 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2005 жылдан бастап барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында жыл сайын есептік кездесу өткізеді. Былтыр  аудан ауқымында өткен негізгі іс-шаралар туралы ақпаратты ұсынудың алдында назарларыңызға еліміздің негізгі оқиғаларына  қысқаша тоқталған жөн деп санаймын.

Қазіргі таңда Астана көптеген форумдар мен конгресстер, сонымен қатар басқа да халықаралық маңызы бар іс-шаралар  өткізілетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды.  Соңғы бірнеше жылдары Қазақстанның елордасы барша  әлемдік қауымдастықтың назарын бірнеше рет аударған болатын. Атап айту керек, барша қазақстандықтар үшін ең маңызды оқиға еліміздің бас қаласы – Астана «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен  2017 жылы ЕХРО халықаралық көрмесі өтетін қала болып жариялануы.

Астанада «ЭКСПО–2017» көрмесін ұйымдастыру үшін Қазақстан ұсынған «Болашақтың энергиясы» атты тақырып ең алдымен баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталған. Астанада «ЭКСПО» көрмесін өткізу республикамыздың инновациялық дамуына серпін береді. Қазақстан осы жаһандық ғылыми жетістіктер көрмесін өткізу арқылы өзінің индустриялық-инновациялық даму жолында тың жетістіктерге қол жеткізеді.

Көптеген елдер өтінімдерді қарастыру кезеңінде Астанаға және Қазақстанның бірқатар қалаларына сапармен келіп, қалалық инфрақұрылымның дамуы, қала тұрғындарының әл-ауқаты туралы, сондай –ақ, жалпы еліміздің экономикасының даму деңгейі туралы  өздерінің жоғары пікірлерін білдірген болатын.

Қазақстанның 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізуді жеңіп алуы  бұл – әлемнің біздің еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы табыстары мен қол жеткізген биіктерін мойындағандығының белгісі. Сондықтан ол – жалпы еліміздің жарқын табысы.

«Келешек қуаты біздің сүйікті елордамызда туылады.Қазіргі уақытта адамзат баласы табиғи ресурстар мен жаңарған қуатын қолдануға қызығушылық арттырып, мұқтаж болып отыр. Бұл сөзсіз «жасыл экономика» миссиясы» – деп атап өтті Астана қаласының әкімі И.Н. Тасмағамбетов.

Бүгінгі таңда Қазақстан ғылыми жаңалықтар мен маңызды практикалық жобаларға қызығушылық танытып отыр. Ал, ЕХРО – 2017 көрмесі экологиялық таза және жаңарған энергия көздерін дамыту жөніндегі әлемдік ғалымдарды біріктіре алады.

ЕХРО – 2017 көрмесін біздің елде өткізу идеясын қоғамның ең белсенді бөлігі – студенттер қуана қолдады. Жастар көбіне аталмыш көрме экономика, мәдениет және еліміздің әлеуметтік салаларын дамытуға септігін тигізетініне сенеді. V Астана Экономикалық форумының қолдауымен Әлемдік экономикалық жастар форумы және «Ресей – Қазақстан. Бүгінгі студент – ертеңгі EXPOнент. ЕХРО көрмесінің аумақ экономикасын дамытудағы рөлі» тақырыбында пікірсайыс өтті. Астана және Экатеринбург жастары көрменің ЕХРО – ға мүше елдерге әкелер экономикалық және имидждік артықшылықтары туралы ой қозғады.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында жаһандық мәселелер ауқымында Астана қаласында IV Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының сьезі өтті. Сьезге Еуропа,Азия, Таяу Шығыс, Америка және ТМД елдерінің қырық елінен, 85 делегат қатысты. IV Съездің негізгі тақырыбы – «Адамзат баласының бейбітшілігі мен келісімі».  Өз кезегінде халықаралық форум өзінің маңыздылығы және өзектілігін дәлелдеді.

Жылдың басқа да жаңалығы ретінде ТЮРКСОЙ мүшелерінің  ЮНЕСКО істері бойынша Комитеті және Ұлттық комиссияның Үшінші отырысын  айтуға болады.

Отырыстың дәл осы жылы түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланған Астанада өткенін айтар кеткен жөн. Осының барлығы ЮНЕСКО – ның түркітілдер халықтарды біріктіру мен ұйыстыру бағытындағы  іс – шараға себепші болып отыр.

2012 жылдың аяғындағы Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан соң «Қазақстан – 2050» стратегиясының тарихи маңызға ие екендігін сеніммен айтуға болады. Жолдауда Қазақстанның алдағы төрт онжылдықтағы даму жолдары мен халықтың жарқын болашаққа жетелейтін жаңа саяси курсының тетіктері ұсынылды.

Құрметті «Сарыарқа» ауданының тұрғындары, 1 желтоқсаннан бастап біз алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекеттік мерекесін атап өтеміз. Қысқа уақыт мерзімінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің арқасында пайда болған жаңа астана жалпыхалықтық идея мәртебесіне ие болды, тәуелсіздік пен жас мемлекеттің жаһандық жетістіктеріне айналды. Баршаңыз жақсы білесіздер, Астана Президент идеясымен көркейіп келе жатқан және Елбасының ерекше назарындағы қала. Міне, осы жылы да біздің қаламыз көрікті әрі әсем қала ретінде ел тұрғындарын қуантуда.

Осы жылы елорданың әдемі сәулет ғимараттарының бірі «Әзірет Сұлтан» мешіті салынып, қазақ халқының рухани байлығына өң беріп тұр. Орталық Азиядағы ірі мешітке мұсылман мерекелері кезінде оң мыңға жуық адам сияды. Жаңа мешіт Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, «Қазақ Елі» монументі жанында орналасып, қалаға таптырмас келбет қосып тұр.

Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы осы жылы жаңадан ашылған «Астана опера» опера және балет театрында өтті. «Бұл да біздің Астанамыздың ерекше сәулет ғимараты. Оның салынуы еліміздің ұлттық мәдениеттің дамуына ерекше назар аударатынынан хабар береді» – деп атап өтті Президент.

Жаңа театрдың көрермендер залы 1250 орынға, ал камералық әуен залы – 250 орынға лайықталып салынған. Көрермендер жайлылығы үшін 326 орындық жерасты автотұрағы мен 92 орындық жерасты паркингі тұрғызылды.

2012 жылдың желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев фотоэлекторлық модульдерді өндіру бойынша «Astana Solar» ЖШС – нің зауытын іске кірістіру туралы шешім қабылдады. Өндірісті жүз пайыз қазақстандық кремний негізінде күн батареяларын дайындайтын соңғы технологиялар қолданылады.

Астана қаласын және ауданды дамытуда басымды бағытардың бірі ВЛ-220 кольцосының құрылысы болып табылады. Бұл нысанның құрылысы қаланың торапты подстанцияларының электр жүйесін өткізуін жоғарлату жолымен қаладағы электр жүйесінің тұрақтылығын жоғарылатады.

Жұмыс түрлері 60 % пайызға атқарылды.

Қала және аудан үшін ең маңызды жоба болып ЖЭО-3 құрылысы болып табылады.

ЖЭО -3 құрылысында 2010-2015 жылдары 1 –ші кезеңді жүзеге асыру мерзімі, 2014-2018 жылдары 2-ші кезеңді жүзеге асыру мерізімен 2 кезең қарастырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігімен «Астана қаласындағы жаңа көлік жүйесі» жобасын (бұдан әрі-Жоба) жүзеге асырылуда.

Жобада Астана қаласындағы негізгі көлік болатын және қаладағы барлық көлік түрлерін біріктіретін жылдам жеңілрельсті көлік (ЖРК) жүйесін шығару қарастырылған. Жеңілрельсті көлікті трамвайдың жаңа түрі десекте болады.

Жобаны жүзеге асыруда үш кезең қарастырылады. ЖРК линиясының жалпы ұзындығы (үш кезең бойынша) 42, 1км құрайды. Осымен жер бетіндегі ЖРК учаскесі 12 км аса болса, эстекадалық – 30 км құрайды.

Астана қаласындағы климаттық жағдайды ескере отырып станциялардың жабық түрін желдеткіші және жылыту құралдарымен орындау жоспарланған. Жолаушылар қауіпсіздігіне және оларға жайлы болуы үшін станцияларда жылжымайты саты және эскалаторлармен жабдықталған жер асты жаяу жүргіншілер жолы болады. Перрондық бөлігі автоматтық жіберу жүйесі жолынан жекеленген (Вагондардың есіктерімен бір мезгілде ашылатын әйнек ескітер).

2017 жылы 50 құрам жүретін жеңілрельсті  рамвай линиясын іске қосуға дайындық жүргізілуде.

Біздің ауданымыздың қаламен бірге дамып келе жатқандығын айта кеткім келеді.

Ауданның жалпы көлемі 19, 202 га, аудандағы халықтың саны 301,5 мыңға жуық адамды құрайды. Аудан аумағында 80 ірі және орта өндірістік және құрылыс кәсіпорындары, 38 959 заңды тұлғалар мен шағын бизнес субъектілері қызмет атқарады.

Алғашқы кезден бастап, тұрақты белсенді іздестіру үстінде бізге өзіміздің мегаполисіміздің қалай тез арада басымды дамуын шешкен болсақ, сондай-ақ оның жедел міндеттерінде шешуге тура келеді.

«Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы Бюджеті 8 914 727 мың тенге құрағандығын айта кеткім келеді, иелену 100%. 2011 жылмен салыстырғанда ауданның бюджеті 18,3 % көтерілді, бұл санитарлық жағдай, жарықтандыру және абаттандыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылғандығын көрсетеді. 2012 жылға жергілікті бюджет 109,5 % орындалды және 126,8 млрд. тенге жомпарланғанда 138,9 млрд. тенге бюджетке түсті. Өткен жылдың аналогиялық кездерімен салыстырғанда бюджеттің түсуі 6,5 млрд. тенгеге көтерілді.

Енді аудандағы істерге тоқталуға рұқсат етіңіздер. Қаланың экономикалық контурын рәсімдеудің басты бағыттарының бірі құрылыс секторы болып табылады.

Құрылыс

Аудан аумағында қазіргі уақытта 80 құрылыс нысаны бар, бұған көпфункционалдық тұрғын кешендер, коммерциялық нысандар және өндірістік базалар, әлеуметтік және білім нысандары кіреді.

2012 жылдың қортындысы бойынша «Сарыарқа» ауданында 12 көп пәтерлі ұрғын үй, жалпы көлемі 58 635 кв.м. пайдалануға берілді, Әуезов көшесінің бойындағы № 6 мектеп гимназиясының құрылысы, Беляков көшесінің бойындағы 600 орынға арналған № 19 мектебіне жалғап құрылыс салу құрылысы, сондай-ақ «Көктал» т.а. оңтүстік-шығысындағы 280 орынға арналған бала бақшаның және Сефуллин көшесінің бойындағы 240 орынға арналған бала бақшаның құрылысы аяқталды.

Бұдан басқа, «Көктал-2» т.а. 200 орынға арналған бала бақшаның және «Рябинка» № 4 бала бақшасының құрылысы жүргізілуде – пайдалануға беру мерзімі 2013 жылдың қыркүйек айы.

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» жүзеге асыру шеңберінде кәсіби-техникалық білім беру мекеме жүйелері дамуда: Бөгембай батыр даңғылының бойында 800 орынға арналған кәсіби мектеп (құрылыс профилі бойынша) құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ Қарасай батыр көшесінің бойында жалпы білім беру орталығына жалғанып салынып жатқан құрылыс. Бұдан басқа, биылғы жылы тағы бір 800 орынға арналған кәсіби мектептің құрылысы жоспарлануда (электрмен және байланыспен қамтамасыз ету профилі бойынша) – пайдалануға беру мерзімі 2013 жыл.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша Жамбыл, 2-ші Алматы, Сейфуллин көшелерінің қиылысында амбулатуралық-емхана кешені салынуда (350 үлкендерге арналған емхана, 150 балаларға арналған емхана).

Бұдан басқа, «Көктал» тұрғын алабында Сұлукөл көшесінің бойындағы мешіттің құрылысы да аяқталуда.

Мемлекетік бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру жөнінде айта кетуге рұқсат етіңіздер.

Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама тұрғын үй құрылысы шеңберінде 10 тұрғын кешеннің құрылысы аяқталды: оңтүстік Тілендиев даңғылында 5 тұрғын кешен, Көктал т.а. оңтүстік-шығысында 4 тұрғын кешен және Сейфуллин көшесі мен Беляков көшелерінің қиылысында 1 тұрғын кешенінің құрылысы.

Құрылыс компанияларының күшімен 2013 жылы 18 коммерциялық тұрғын кешенді пайжадануға беру жоспарланып отыр.

Мансардты қабаттар қатысты мәселелер келесідегідей жағдайда.

Астана қаласы маслихатының 2009 жылдың 20 қарашасындағы шешімімен «Астана қаласының қиындықтар туған бөлігін өзгерту және 2007-2011 жылдары астананың халқының әлеуметтік-қорғау бөліктерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасына» проблемалық болып саналған мансард құрылысы мүшелерінің құқығын қорғау бойынша өзгерістер енгізілген.

Өз кезегінде Ведомствааралық комиссия «проблемалықтар» құрамына аудан аумағындағы келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан нысандарды кіргізу туралы шешім қабылдады: Конституция көшесі № 26/1, Қарасай батыр көшесі № 24/2, Есенберлин көшесі № 29, Ш.Айманов көшесі № 20. Аталған тұрғын үйлердің барлығында мансардтық қабаттарды бұзу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мансардтық қабаттардың мүшелері тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Өткен жылы «Сарыарқа» ауданының аумағында бұзуды талап еткен 130 апатты-ескірген тұрғын үй болды, соның ішінде Жангельдин көшесін өзгерту жоспарымен Жеңіс даңғылы № 26/4 бойындағы екі қабатты тұрғын үй бұзылды.

Бұзуға жоспарланған 7 апатты тұрғын үйден «Өндіріс» тұрғын алабы Чехоев көшесі № 6 бойындағы екі қабатты тұрғын үй бұзылды. Барлық пәтер иелері басқа жерге көшірілді.

Сондай-ақ, Чехоев көшесі № 26, № 39 бойындағы тұрғын үйлерде бұзылатын болады. Қазіргі уақытта тұрғындардың жарты бөлігі көшірілді, көшуден бас тартқан 4 пәтер иесі бойынша іс сот тәртібінде қаралуда.

Қалған 5 үйді ағымдағы жылы бұзу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 127 апатты-ескірген  тұрғын үй қалуда. «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 2017 жылға дейін апатты-ескірген  тұрғын үйлерді бұзу кезегінің тізімі құрастырылған. Бұл үйлер щиттік, 2 қабаттық, 1946-1960 жылдары салынған, бір үйдің жалпы көлемі 450-950 кв.м. құрайды, ескіру пайызы 70% құрайды. Бір үйде 8 ден 16 жанұядан ұрады (32 ден 65 адамға дейін).

Қала экономикасының тиімділігі қызметі көзқарасымен аудан саясатының тағы бір негізін қалаушы факторы  жол-көліктік инфрақұрылымды,  орамішілік аумақты жетілдіру болып табылады.

2012 жылы ауданда 1,3 шақырым жол салынып, 4 шақырым шамасында қайта жөнделді, орташа жөндеу – 1,1 шақырым, ағымды жөндеу алаңы -125 000 шаршы метр, 650-ден астам люк жол белгісіне дейін көтерілді.

«Көктал», «Өндіріс» тұрғын алаптарында инженерлік жүйелер мен жолдарды жүргізу және қайта жөндеу – 17,4 шақырым жүргізілді.

Ауданның 4 орталық көшелерін қайта жөндеу өткен жылдың маңызды жобасы  болды.

1.      Бейбітшілік көшесін Бөгенбай батыр даңғылынан Есенберлин көшесіне дейін жалпы ұзындығы 1,27 шақырым.

2.      Ә. Молдағұлова көшесі Жеңіс даңғылынан Республика даңғылына дейін жалпы ұзындығы 0,8 шақырым.

Қазіргі уақытта осы жол бөліктерін қайта жөндеу жұмыстары толығымен бітті. Қайта жөндеу жұмыстары барысында шаруашылық-тұрмыстық кәріздің инженерлік жүйені ауыстыру – 1,76 ш., су құбыры -1,6 ш., жауын-су кәрізі – 2,17ш. Сыртқы жарықтандыру бағандарының замануй түрлері жарықдиодтық лампаларымен орнатылды, өтетін жолдар кеңейтілді, тұрақтық орындар құрылды, көше абаттандырылды. Жаңа бағдаршам нысандары және жол белгілері орнатылды. 16 аулалық аумаққа орамішілік кіретін жолдар мен тротуарлар жөнделді.

3.      С. Сейфуллин көшесі Сарыарқа даңғылынан Күмісбеков көшесіне дейін жалпы ұзындығы 0,58 ш.

4.      Жангельдин көшесі Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейін жалпы ұзындығы 1,26 ш.

Соңғы екі көшенің жөндеу жұмыстары осы жылда толығымен аяқталатын болады.

Жоба аясында инженерлік жүйелерді ауыстыру жұмыстары жүргізілді (кейбір учаскелерде 50-ші жылдардан бері жөнделмеген), жол қабаты жаңа технология бойынша төселді.

Тұрғындар тарапынан  қайта жөндеу жұмыстары барысында  ағаштарды қалпына келтіру туралы көптеген наразылықтар айтылды. Аудан әкім аппараты көлік және автомобильдер жолдары Басқармасымен бірлесіп күзгі уақытта абаттандыру және көгалдандыру аясында 679 ағаш және 2 053 т.м. бұтақ отырғызылды. (Сейфуллин көшесіне -172 түп, Бейбітшілік -129 түп, 421 т.м. бұтақ, Молдағұлова көшесіне -124 түп, Жеңіс даңғылына 254 түп ағаш, 1 632 т.м. бұтақ отырғызылды.)

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары Басқармасы» ММ-мен бірлесіп, Жаңажол көшесін кеңейту сұрағын қарастырудамыз.

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары Басқармасы осы жылы бірінші кезекте Бейсекова көшесіне өтетін жолмен қамтамасыз етуді жоспарлауда (3,6ш.) құрамында Сарыарқа, Жеңіс даңғылдары, Қорғалжын трассасы, Бөгенбай батыр даңғылындағы көлік ағымын төмендетуге ықпалын тигізетін Кіші бұрылым жолы кіреді. Бұл қайта жөндеу Тілендиев даңғылынан Бейсекова көшесін жалғастырып, Есіл өзені арқылы көпірдің құрылысымен, Абайға 150 жыл көшесі мен Сейфуллин көшелерін жалғайды.

Ағымдағы жылы Ақжол көшесі Бөгенбай батыр көшесінен бастап Бейсекова көшесіне дейін солтүстік шығыршықтың құрылысы басталады.

Сонымен қатар, жаңа жобаларды жүзеге асыруды бастамақпыз:

1. Бейбітшілік көшесінен бастап Жеңіс даңғылына дейін Есенберлин көшесін қайта жөндеу (1 шілдеге дейін жол жүріс қамтамасыз етіледі);

2. Потанин көшесінен бастап Республика даңғылына дейін Мәскеу көшесін қайта жөндеу (1 шілдеге дейін жол жүріс қамтамасыз етіледі);

3. Кенесары көшесінен бастап Мәскеу көшесіне дейін Желтоқсан көшесін қайта жөндеу (1 қыркүйекке дейін жол жүріс қамтамасыз етіледі);

Сумен қамтамасыз ету

Ауданда 271 су құбыры жүйесі, 42 сорап станциясы соның ішінде үш деңгейдегі 3 сорап станциясы (СНС 7, «Көктал», «Автоматика»), биік үйлердің 39 су тарту станциялары бар. Су құбырларының ескіруі 50 % пайызды құрайды. Сондай-ақ, 160 км су бұру жүйесі бар, 34 КСС. Ескіруі 60 % пайызды құрайды.

2012 жылы аудандағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінде  260 дана су құбырлары тазаланды, 210 дана су беретін құдықтарды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сапалы электрмен қамтамасыз ету үшін күрделі жұмыстар, техникалық қызмет көрсету, электрмен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

2012 жылы «Сарыарқа» ауданы бойынша 8,16 км ұзындықтағы жоғарғы вольттік линияға күрделі жөндеу жүргізу бағдарламасы орындалды. 12 дана трансформаторлық подстанция жабдықтарына және 16 дана төмендету трансформаторларға күрделі жұмыстар жүргізілді, 100 подстанция, 62 тірек шкафтарына, Көктал-1, Көктал-2, Өндіріс, Агроқалашық және ауданның басқа да көшелеріндегіэлектр жүйелеріне техникалық қызмет көрсетілді.

Аудан әкім  аппараты ағымда ұстау бағдарламалары қатарының әкімгері болып табылады.

Сарыарқа ауданында 446 орамішілік аула, 32 мектеп, 32 балабақша бар. 2012 жылы 64 аула аумағы абаттандырылды. Тізімді реттеу барысында  орталықтан алыста орналасқан аулаларға аса мән берілді. 9 мектеп ауласы абаттандырылды.(7,2,14,36,21,20,23, коррекциалық мектеп, адаптация орталығы)

Үйлердің тозғандығын ескере отырып, 72 тұрғын үйдің қасбеттері жөнделді. 3 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары, 6 балабақшада абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

44 аула орамішілік жарықтандырылып, 111 шамдар орнатылды.

«Кіші сәулеттік формаларды орналастыру» бөлек бағдарламасы бойынша 22 ойын кешендері балалар алаңына орналастырылды.

Сарыарқа ауданында көше атаулары мен үй номерлеріне тексеру жүргізіліп, 2012 жылы 2 мың аншлаг орналастырылды.

Астана қаласы тоқтаусыз өсуде. Жаңадан қосылған көшелердің сан өсуіне байланысты контейнерлер мен контейнер алаңдарын орнатуды талап етеді. Өткен жылдың проблемасын ескере отырып, осы жылы 38 жаңа алаң орнатып, контейнерлер санын көбейттік. 620 бірлік, оның ішінде 419 евроконтейнер, 201 әмбебап контейнерлер мен 645 дана урна орналастырылды.147 контейнерлер алаңы жөнделді. 70-тен астам бекітілмеген қоқыс үйіндісі шығарылды.

Жұқпалы ауруларды болдырмаудың алдын-алу мақсатында көктемгі-жазғы, күзгі кезеңдерде контейнерлер мен контейнерлер алаңдарын дератизациялау және дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі, аудан аумағындағы иесіз иттерді аулау мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау сұрағы шешілуде. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап қазан айына дейін аудан бойынша 3 мың иесіз иттер ұсталды.

Қоғамдық дәретханалардың жоқтығына байланысты, «Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасы» ММ, «сәулет және қала құрылысы Басқармасы» ММ-лерімен бірлесіп АЗС және қоғамдық-маңызды жерлерге дәретханалар орнату сұрағы қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар, «кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы» ММ-мен бірлесіп, кіші және орта бизнесті дамыту мақсатында жер асты жолдарында кәсіпкерлік нысандарын орнату сұрағы қарастырылуда.

Абаттандыру ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан аумағында Министрліктер, ведомстволар, ұлттық компаниялар, мекемелер, ұйымдар және аудан тұрғындарының жұмылдыруымен көктемгі және күзгі кезеңде жалпықалалық және коммуналдық сенбіліктер өткізіледі.

Жалпықалалық экологиялық сенбілікте 78 мыңнан астам адам қатысты. Сенбілік барысында 658 бірлік техника жұмылдырылып, қала полигонына 5 470 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бірақ кіші және орта бизнес өкілдері осындай шараларда белсенділік танытпайды.

2012 жылы  біздің мақсатымыз Тлендиев даңғылы мен Алаш шоссесінің қалаларға кіреберістерін, саябақтарды көгалдандыру болды.

2012 жылы қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық шаралар кезінде аудан аумағында 1135 дана ағаш және 1967 метр ұзындығы бар жасыл қоршау отырғызылды. Гүл көшеттері 30 нысанда отырғызылды. Жалпы отырғызу жоспар бойынша  19623 м2  болғанымен, факт бойынша бұл сан 20055 м2 жетті. «Футболист», «Біржан Сал» шағын бақтарында,          Бейбітшілік, Молдағұлова  көшелері бойынша  2344 м2 көгал алаңы орналастырылып, 7 субұрқақ қосылып тұрғындардың сүйікті демалыс орны болып табылды.

Ғимараттардың қасбеттерін жалпыхалықаралық ресми, мемлекеттік және қалалық мерекелік шараларға қарсы безендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Мерекелерді өткізу жалпы қалалық концепцияға  кіретін, ғимараттардың  қасбеттерін безендіру үшін эскиздік жобалар жасалуда.

Ауданның басты көшелері мен даңғылдары, Есіл өзеңі жағалауы, саябақтар мен шағын бақтар  безендіріледі. Түрлі конфигурациясы бар светодиодты гирлянда қолдану арқылы қасбеттердің біркелкі сәулеттік стилі байқалып, оған мерекелік бейне келтіріп тұрады.

Және де осы жылы безендірудін жаңаша түрлері қолданылды. Қасбеттерді безендірудің бір тәсілі – пластикалық негіздегі дюралайттан жасалған тордағы декоративті панноны қолдану, берілген паннолар Абай даңғылы, Кенесары көшесі және Република даңғылы бойындағы үйдердің қасбеттерінде орналасқан.

Мерекелік безендіруде көлемді мүсіндер және ғимараттардың қасбеттерінде түсті фильтрация бар.  Олар: «Сарыарқа» саябағы, Тұлпар көпірінде, «Рэдиссон» қонақ үйі алдында, өзең жағалауында, Жеңіс даңғылы және Есенберлин көшесі қиылысында, «Астана Тауэр» БО, Жаңа жылдық композициялар «Аюлар», «Бұғы», «Шырша және сыйлықтар» композициясы Аяз ата және ақшақар мүсіндері.

Аудан аумағында қысқы кезенде, және де «Көктал» және «Өңдіріс» т.а. коньки жалға беру және қоғамдық тамақтану нүктелері бар мұз айдындары орнатылды. Жаңа жылдық шыршалар, мұз мүсіндері орнатылып, ағаштар мен жарық тіреулерін безендірілді.

2012 жылдың желтоқсанында Астана қаласында бұрын болмаған жауын-шашын түсті. Қыстын тек бірінші айында ғана коммуналдық мекемелермен қала аумағынаң миллионнан кубометрден көп қар шығарылды. Осы жағдайға байланысты, біз аса көнілді тасқын суға қарсы шараларға бөлеміз.

Тасқын сумен басып қалуды ескерту мақсатында, аудан аумағынан тасқын суларды шығару боййынша кварталдарды қардан тазалау жоспары жасалды. Тасқын суға қарсы шаралар аясында ауданда тасқын суға қарсы комиссия құрылды. Тасқын суға қарсы комиссия, аудан аумағынан қар шығару және арық лотокты жүйені тазалау бекітілген кестеге сәйкес орындалады. Еріген сулармен қарқынды басып қалу кезінде 40 бірлік АС-машина жұмыс атқарды. Жеке сектор тұрғындарына жеке және үйге іргелес жатқан аумақтан қар шығару ұсынылды.

 Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі

Аудан аумағында 959 көп қабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін 139 қызмет көрсетуші ұйымдар (ПИК, ЖШС, ЖК, ӨК) бар.

Ауданның көп қабатты тұрғын үйлерінің 881 жертөле бөлмелеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде инженерлік желілері әбден тозығына жеткен, инженерлік желілеріне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілген (жылу жүйесі, кәріз, ыстық және суық сумен қамтамысыз ету  құбырларын ауыстыру) 58 жертөле бөлмелері анықталды.

Осының барлығы 881 тұрғын үй қорына жылудың берілуі мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Жылыту маусымына дайындық кезінде ең бірінші алдыңғы жылы орын алған мәселелер мен ескертулерге көңіл бөлінді. 2011-2012 жж. жылыту маусымына дайындығы мен аяқталуының қорытындысы бойынша «Үздік ПИК», «2011-2012 жж. жылыту маусымына үздік дайындығы үшін» номинациялары бойынша байқаулар ұйымдастырылды. Қызмет көрсетуші ұйымдар БИК(П), ПИК және ӨК арасындағы байқаудың жеңімпаздары марапаттау қағазы мен құнды сыйлықтармен марапатталды.

Денсаулық сақтау, білім, мәдениет және тұрғын үй қорының жылыту маусымына дайындығы бойынша жұмыстар әрдайым бақылауда. Барлық нысандарда 100 % жұмыстар аяқталды. Жылудың берілуінен бастап «051 Қызметі» ММ қызметкерлерімен бірігіп жылыту маусымының өтуі кезінде орын алып отырған жылумен қамтамасыз ету мәселелерін жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жаңадан берілген 28 тұрғын кешенге басты назар аударылған, берілген нысандар да  жылыту маусымына дайындық құжаттарын алады. Ауданда Н. Тілендиев даңғылының оң жағындағы ауданда жаңадан берілген 43 тұрғын үйге «Тұрмыс» ЖШС қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде барлық үйлер жылыту маусымына дайын.

Алдымыздағы жылы «Самал» шағын ауданының үйлері орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылған. «Көктал» тұрғын алабында 10 тұрғын үй, № 19 орта мектеп және балалар үйі «Астана-энергия» АҚ қосылды. «Жылу» МКК қазанына 5 тұрғын үй және № 20, 40, 41, 61, 68 орта метептері, № 39, 55, 61 бала бақшалары, сонымен бірге, экономика, технология және тағам өнімдерінің стандартизациясы колледжі іске қосылды.

«Көктал» және «Өндіріс» тұрғын алаптарында пеш арқылы жылытылатын 31 көп қабатты тұрғын үйлер бар. Пешпен жылытылатын үй иелеріне қатты отынды алу үшін мемлекеттік компенсация қарастырылған.

«Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша ПИК төрғаларымен бірігіп, көп қабатты тұрғын үйлердің периметрлері бойынша аулалық аумақты және автомобиль тұрақтарын ескере отырып бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 42 көп қабатты тұрғын үйлерге бейнебақылаулар орнатылды.

Барлығымыз ашық құдықтарға қатысты қайғылы оқиғалардың куәгері болып жатамыз. Осыған байланысты, аудан аппаратымен алып отырған фактілерді анықтау мен жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 25 мамыры мен 28 қараша аралығында 592 ашық құдықтар анықталды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жол полициясы басқармаларымен және коммуналдық кәсіпорындармен бірігіп, күн сайын жер асты коммуникацияларының ашық құдықтарына қақпақтарын орнату бойынша шаралар қабылдау үшін аудан аумағында орналасқан сыртқы желілерді тексеру мен бұзылған абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Орынға шығу барысында теңгерімі бойынша кімге тиесілі екендігі анықталып, анықталған фактілерді жою бойынша шаралар қабылданады.

Ауданда 482 үйді газбен қамтамасыз етуші 157 газтаратқыш қондырғылары жұмыс істейді. Берілген үйлерге «Астана Газ Қызмет» ЖШС қызмет көрсетеді, газгольдерлерді «Орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету» ЖШС толтырады.

2012 жылдың қыс мезгілінде тұрғын үйлерде газдың болмауы бойынша мәселе орын алды. Аталған жағдай күннің күрт суытуының әсерінен және ГТҚ газбен толтыру пропанның аз көлемде болуынан болған. Қазіргі кезде аталған мәселе жойылды. Алайда, қызмет көрсетуші ұйым басшыларының жағынан да техника мен газ қондырғыларының жағдайына нашар бақылау жасағандығын атап өту қажет.

Аудан аумағында 813 лифт қондырғыларына қызмет көрсетуші 17 лифт ұйымдары бар.

Қазіргі кезде пайдаланым мерзімінің өтіп кетуіне байланысты 5 лифт қондырғылары ауыстыруды, ал 29 лифт қондырғылары тозуына байланысты күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Астаналифт» ЖШС күшімен мақсаттық салымдарды жинау есебінен қазіргі заман талабына сай ауданның әртүрлі кварталдарында орналасқан автоматтандырылған лифттердің жұмысын бақылаушы диспетчерлік Кешені (348 дана) енгізілген. Бұл лифтерлар санының қысқаруына, төлемдер жиналуының өсуіне, сәйкесінше лифт қондырғыларының сапалы пайдаланылуына алып келді.

Ауданда лифт қондырғыларына техникалық қызмет көрсету үшін пәтер иелері кооперативі мен құрылысшы ұйымдардың қарыздары бойынша мониторинг жүргізу жүйесі енгізілген. Алдымыздағы жылы олардың қарыздары 600 000 теңгеге азайды.

Қолданып жатқан шаралар лифттердің техникалық жағдайы мен қызмет көрсетуінің жақсаруына алып келді, сонымен бірге, лифттердің тұрып қалуын азайтты.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» Бағдарламасының жүзеге асырылуынан бастап берілген Бағдарламаның жүзеге асырылуының шарттарын түсіндіру бойынша аудан тұрғындарымен тұрақты жиындар өткізілуде.

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында аудан бойынша Потанин көшесінде орналасқан жатақхананың күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде, Потанин көш., 12/2 және Ә. Молдағұлова көш., 37/1 мекенжайлар бойынша орналасқан 2 тұрғын үйде АТС орнатумен 95,6 млн. теңге соммаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Мәскеу көш., 4 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Берілген үйлерде қасбетті жөндеу және аулаларда абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ағымдағы жөндеу жұмысының жекелеген түрлері бойынша үш тұрғын үйде 39,6 млн. теңге соммаға: С. Сейфуллин көш., 10 және Желтоқсан көш., 27 мекенжайлары бойынша орналасқан екі тұрғын үйде АТС орнатумен жылу түйіндерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді;

– Бөкейхан көш., 12 үйде лифтті ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі кезде «ТКШ Жаңғырту» Бағдарламасының операторларымен және қызмет көрсетуші ұйым төрағаларымен бірігіп, берілген бағдарламаның қатысушыларының бұдан әрі жасалатын іс-әрекеттері ойластырылып, жөндеу жұмыстарына арналған шығындар сметасын бекіту бойынша тұрғын үйлердің тұрғындарымен жиындар өткізілуде.

Өткен жылы аса абыржулық тудырған мәселе тұрғын алаптарды жолаушылар көлігімен қамтамасыз ету болды. 2012 жылдың басында 110 адамдық,  Евро-3, Евро-4 еуропалық қауіпсіздік  стандарттарына сай 92 бірлік жаңа автобустар алынды. 2013 жылы 80 жаңа автобустарды алу жоспарланған.

Биыл біздің ауданда екі соңғы аялдамалық бекеті жасалмақ: Дулыға көшесінде Газмашаппаратура аумағында, Көктал-1 тұрғын алабында, Болашақ көшесі мен Тілендиев орамының қиылысында;

«Астанателеком» ҚОТ күшімен ауданды телефонмен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.

1. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ «Кампусті студенттік

жүйе» пайдалануға берілді;

2.      Ғаламтор жүйесіне жоғарғы қозғалыс жетімдігі үшін 22

орта білім беру мектептерінде оптик-волоконды кабель орнату жүргізілді;

3.      GPON технологиясы бойынша (үйге дейінгі оптика) 34

нысанды телефондау жүргізілді, жалпы мөлшері 2 198 нөмір, сондай-ақ жалпы көлемі 679 нөмір болатын 4 жаңа тұрғын үйді телефондау жүргізілді.

4.      Герцен көшесінің бойында байланыс ауа линиялары мен байланыс тіректерін ауыстыру жүргізілді;

5.      Бейбітшілік көшесін өзгерту кезінде байланыс ауа линияларын және радиоқабылдағыш линияларды монтаждау жұмыстары жүргізілді.

 

Тұрғын алаптардағы халықтардың жайлы өмір сүруі үшін азық-түліктік дүкендер желісі мен азық-түліктік емес тауарлар тобы, мәдени тұрмыс және қызмет көрсету орталықтарының нысандары, кинотеатрлар, медициналық мекемелердің қажет екені баршаға аян. Осы жылы салынған «Small» сауда желісі мен Алаш тасжолы, 23/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Magnum Cash & Carry» кешендерінде тікелей жеткізушілер мен үлкен тауар айналысушылар арқылы  10 000 атаудан астам нағыз қажет тауарлар төмен бағада жеткізіліп тұрады. Бұған қоса, халыққа керек-жарақтарын бір орыннан алып, өз уақытын үнемдеу мүмкіндігін береді.

Аудан әкімдігінде үйге әлеуметтік көмек көрсету бойынша 3 бөлім жұмыс істейді, 2 ересектерге арналған және 1 балалар бөлімі. Қазіргі таңда бөлімдерде 75 балаға қызмет көрсетіледі. Әр балаға арнайы жеке әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің мүгедек балалары тұрақты түрде «Тұлпар» ипподромына барады мен «Динамо» СК-нің жүзу бассейндерінде гидротерапия сабағын алады. Оларды жеткізу жол полициясы көлігінің сүйемелдеуімен автобус арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ қаланың көрікті жерлері мен ойын-сауық орталықтарына апаратын экскурсиялар ұдайы жүргізіледі. Жазғы уақытта балалар ата-аналары және әлеуметтік қызметкерлермен «Бурабай» демалу аймағына аттанады. Мерекелік күндерде ылғи олардың қатысуымен мерекелік концерттер ұйымдастырылып, әртүрлі сыйлықтар табыс етіледі.

Тұрмыс жағдайы нашар отбасыларды әлеуметтік қолдау саласында жалғызбасты, қарттар, мүгедектер, көпбалалы отбасы, жетім балаларды қорғауға байланысты жұмыстар атқарылуда. 2012 жылдың қарашасында әлеуметтік көмек көрсетілгендер саны 348-ге жетті, оларға жұмсалған қаражат 8 342 322 теңгені құрайды.

 Құрметті «Сарыарқа» ауданының тұрғындары!

 Елордамыздың ЕХРО – 2017 –дегі жеңісі Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан Республикасының бедел-бейнесінің бүкіл әлемдік жеңісі.

Астана қаласының инфрақұрылымдық дамуы бұл қала тұрғындарына үлкен артықшылық. Жақын арадағы 5 жылда бұл жерде үш миллион шаршы метр тұрғын үй, әр түрлі бизнес – орталықтар, қызметтік сала нысандары тұрғызылмақ, бұл көптеген жұмыс орындарына жол ашпақ.

Қаланың ескі бөлігін абаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша көптеген жұмыстар атқарылады. Олар – апат болған жерлердегі үйлерді құлату, «аяқталмаған нысандардың» барлығының құрылысын аяқтау, үй аулаларын ретке келтіру. «Сарыарқа» ауданы жетістікке жету мақсатында қойылған ірі жоспарларға жету жолында жұмыс істейді.

Осы жылы Астана еліміздің елордасы болғанына 15 жыл толады. Біз, қала тұрғындары бұл іске  үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Кім болсақ та біз қала тұрғындарының жайлы өмір сүруіне ықпал етуіміз қажет. Бұл мәселе біздің қала тұрғындарының әрбіріне де тиісті. Әр адам өзі қоғамға қарсы келетін әдеттерден аулақ болып, оған қарсы келетін әрекеттерге қарсы тұруы керек. Тәртіпбұзушылықтың алдынан жай өтуге болмайды, бәріне маңыздылықпен қарау қажет. Қаламызды сақтап, қорғау – әркімнің парызы. Жаңа «астаналық» мәртебесіне ие болуын қалыптастыру үшін барлық қажетті шараларды өткізу қажет.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − 4 =