ҮЛКЕН ЕЛДІҢ ҮЛГІСІ

0 131

Елбасы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» ел бірлігін арттыруға арналған бірнеше бағытты айқындап берді. Оның ішінде азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыру барысын ақпараттық қамту және насихаттау мәселелері көтерілді.  

Маңызды құжаттың 86-қадамында Қазақстан халқы Ассамблеясының нақты атқарар жұмысына тағы да тоқталып өткен болатын. Яғни, халық бірлігінің ұйытқысы болып отырған айырықша институтқа «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты ұлттық жобасын әзірлеу тапсырылған-ды. Жаңа әрі ауқымды жоба тез арада даярланып, өткен жылы қанат қаққан еді. Бірлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын ұлықтайтын және 2018 жылға дейін созылатын мазмұнды мәдени шаралар легі биыл да тұрақты өткізілгелі отыр. Бір шаңырақтың астында тұтасқан «Үлкен елдің» мәні де, мазмұны да қазақстандықтарды өнегелі істердің аясында жұмылдырып, бірлік пен келісім қағидаларын паш етпек. Бейбітшілік пен тұрақтылық бар­лығымызды біріктіретін қасиетті құндылықтар болмақ.

Бұл жобалардың іске асыру Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті болса да, ортақ іске барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттарын тартып, ең бастысы, еліміздің барша халқын қамтуды межелеп отыр.

«Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы отыздан астам шаралардан тұрады. Оның әрқайысысы қоғамдық келісімді қалыптастыруда, жалпыұлттық бірлікті нығайтуда әлеуметтік зор маңызға ие. Жоспарланған шаралардың деңгейі мен бағыты да әрқилы. Әдеттегідей, білім беру, қайырымдылық акция­лары және жаңа қазақстандық пат­риотизмді қалыптастыруға айрықша назар аударылған. Алайда, осынау ауқымды істің іргетасы, өзегі мен негізі – Елбасының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы екенін зор мақ­танышпен айта аламыз.

Хасан Шарипов,
Өзбек этномәдени бірлестігі басшысының орынбасары

astana-akshamy.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × two =