Үлескерлерді арзан уәдемен алдаған

0 11

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жауапсыз құрылыс компанияларының тізімін жариялады.Елорда әкімдігі қала прокуратурасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіп жатыр. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін үлескерлердің қаражатын заңсыз алып, тұрғын үй кешендері жобаларын жарнамалап заңды бұзғаны үшін 46 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Жауапсыз құрылыс салушылар заңсыз түрде үлескерлердің ақшасын алып, пәтер сатып жатыр. Проблемалық нысандар мен алданған үлескерлердің пайда болуына жол бермеу мақсатымен жауапсыз құрылыс компанияларына қатысты істер полицияға және прокуратураға жіберілді. Тұрғындарға пәтер алу үшін күмән келтіретін құрылыс салушыларға қаражат бермеуге, оларға сенбеуге шақырамыз. Ақпарат пен рұқсат құжаттарын мұқият тексеріңіз» деп атап өтті қала әкімдігінде.
Үлескерлердің қаражатын алуға рұқсат құжаттары жоқ құрылыс компанияларының тізімі: – «BS Company» («Би Эс Компани») ЖШС, – «Шанг Хи Групп» ЖШС, – «White Gold Development» ЖШС, -«First LQ» ЖШС, -«Султан-Б» ЖШС, – «Абылай курылыс» ЖШС, -«NTB Projects» ЖШС, -«International invest Company IIC» ЖШС, – «Transcapital» ЖШС, -«АстанаСтройДом» ЖШС, – «Азия» ЖШС, – ЖСК «Коркем Tower». «Industrial Innovatoin Group» ЖШС, – «King Development» ЖШС, – «Актас-М» ЖШС, – «Viva Grand» ЖШС, – «ЕвроСтройГрупп» группа компаний –ЖСК, «Жануя Инвест» ЖШС, – Zeta Building ЖШС, – Zeta групп ЖШС, – «Ast-GA» ЖШС, -Qaz Build ЖШС – «Mainstreet» ЖШС, – «Арзан 777» ЖШС, – «Строительная компания Astana Building» ЖШС, – ЖСК «Жасыл-Астана НС» ЖШС, – «Enterprise Astana» ЖШС, – «Жетісу» ЖҚ ЖШС, – «Табыс-2014» ЖШС, – «Градум Строй» ЖШС, – «Техмонтажстрой» ЖШС, – Хасенова Бибисара Закириевна.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 − 5 =