Үлескерлер үміті

0 28

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары ­Алтынбек Қайсағалиев «Royal EXPO apartments» тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті.Бұл кешенде 350-ден астам үлес­кер бар. Әкім орынбасары­ның айтуы бойынша, тұрғын үй кешенін құрылысын жүргізуді «Нұрлы жер» бағдарламасы ар­қылы инвесторлар мен «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС қолға алып отыр.
«Жер учаскесіне және аяқталмаған құрылыс нысанының құжаттарын алғаннан кейін ин­вестор өз есебінен қаржы-техни­калық аудит және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындайды. Жобаны аяқтап, сараптамадан өткізгеннен кейін тұрғын үй кешенінің құрылысы жанданады» деді ­А.­Қайсағалиев.
Сонымен бірге қала басшысының орынбасары «Шығыс» және «Жағалау» тұрғын үй кешендері үлескерлерімен жүздесіп, аталған тұрғын үйлердің құрылысы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралармен хабардар етті.
Айта кетейік, өткен жылы осындай он үйдің құрылысы аяқталып, үлескерлер саны 2,5 адамға қысқарған еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + eight =