Үлескерлер үміті ақталды

0 8

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев «Столичный-2» проблемалық тұрғын үй кешені құрылысының барысын тексерді.Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, инженерлік желілер жалпы көлемде 80 пайызға орындалған. Наурыз айының соңына де­йін сыртқы жұмыстарын аяқтап, сәуір ­айында декоративті сылауды бастаймыз және сол айдың соңына дейін ­сыртқы жұмыстарын жүргізеді. Тапсыру мерзімі 2020 жылдың тамыз айына белгіленсе де, құрылыс жүргізуші компания алғашқы кезекті ертерек тапсыруды жоспарлап отыр екен.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт­ ­Тоқаев­­тың тапсырмасы бойынша алданған үлескерлердің мәселелерін шешу – тұрақты бақылауда. Күн сайын біз барлық проблемалық нысандарды аралаудамыз. Үкімет бұл бағытта қолдау көрсетуде. «Столичный-2» ТК құрылысының үлескерлері 8 жылдан бері өз пәтерлерін күтумен жүр. Бұл тұрғын үй кешенінде бірнеше проблема бар. Біріншісі – бұл үйде 190 пәтер, ал үлескерлерге 230 пәтер сатылыпты, яғни үлескерлер саны пәтер санынан артық. Екіншісі – екі, үш мәрте сатылған баспаналар. Бүгінде мемлекет осы проблемалық нысандарды шешумен айналысып жатыр. 2019 жылы елордада 10 үй пайдалануға берілсе, биыл тағы 20 үй пайдалануға беріледі. «Столичный-2» кешені бойынша қаржыландыру бар, мердігер бар, инженерлік коммуника­ция­лар бойынша барлық мәселелер шешілді. Тамыз айына дейін аталмыш нысанды тапсыруды жоспарлап отырмыз, – деді Алтынбек Қайсағалиев.
«Феникс-Столичный» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасы ­Жанар Дүйсенова әкімдік пен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, атқарушы органдардың бірлескен еңбегі құры­лыс­ты басынан жүргізгенін атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды