Үлескерлер мәселесі шешілуде

0 40

Биыл елордада 8 мыңға жуық үлескердің проблемасы шешіледі. Яғни, барлығы 20 көппәтерлі тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.Жұмыс бабымен қаладағы құрылысы ұзаққа созылып, аяқталмаған сондай тұрғын үй нысандарын аралағанын қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.
– «Шығыс» тұрғын үй кешеніне қарасты баспаналардың жұмысының барысымен таныстым. Бұл көппәтерлі тұрғын үй кешені де – құрылысы ұзаққа созылған үйлердің бірі. Нысанның құрылысы қайта жанданды. Бірақ құрылыс қарқынын санитария нормаларын қатаң сақтай отырып арттыру қажет. 1А және 1В блоктарында құрылысшылар санын арттыруды тапсырдым. Құрылыс маусымын зая кетіріп алмау шарт, – деп жазды әкім.
Сонымен қатар ол биыл шілде айының басында 8 жылдық тарихы бар «Столичный-2» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, үй пайдалануға берілгенін еске салды. Ал 2004 жылдан бері тұрған «Территория комфорта-1» сүрілді. Онда үлескерлерге арналған жаңа қауіпсіз үй салынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − three =