«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Үлескерлер баспаналы болады

0 73

Елорда әкімдігі жыл соңына дейін 50-ден астам тұрғын үй құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Бұл тағы 7 мың үлескерге пәтер кілтін тапсыруға мүмкіндік береді.
2019 жылдың жазында елордада 52 проблемалық нысан бар еді. Сол жылы 10 проблемалы құрылыс аяқталды. «2020 жылдың қорытындысы бойынша 14 нысанда 20 үйдің құрылысы аяқталды. 2723 үлескер өз пәтерінің кілтін алды. Әкімдіктің уәкілетті ұйымы «Елорда құрылыс компания­сы» 2021 жылы 18 нысанда 57 үйдің құрылысын аяқтау­ды жоспарлап отыр. Бұл шамамен 7 мың үлескер» деп мәлімдеді «Елорда құрылыс компаниясының» басқарушы директоры Мақсат Шаяхметов.
Қалған «сақалды» құрылыс­тар 2021-2023 жылдары пайдалануға беріледі. Әрбір проблемалық нысан бойынша кезең-кезеңмен іске асатын іс-шаралар жоспары жасалды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды