Үлескерлер алданбайды

0 19

Бас қалада құрылыстың бастап­қы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.Тізімге енгізілген 31 құрылыс компания­сы мен үй салушылар көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер, яғни алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардың өз ақшасына сақ болуын және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тарту керектігін ескертеді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Туындаған сұрақтар бойынша «Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, яғни Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 8 мекенжайына жүгінуге болады. Ақпаратты төмендегі телефон арқылы да алуға болады: 8 (7172) 55-04-28, 55-04-30.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + two =