ҰЛДАНАЙ ҰЛ ТАПТЫ

0 256

ERA_9794

Газетіміздің №87 санында жарияланған «Ұлың болсын он шақты, қызың болсын моншақты» атты мақаламыздың кейіпкері, астаналық Ұлданай Әлімбаева оныншы перзентін аман-есен босанды.

Дүниеге келген шекесі торсықтай ұлдың есімін Жангелді деп қойыпты. Сәбидің салмағы – 4 келі 700 грамм, бойы – 58 сантиметр. Дәрігерлер ананың да, нәрестенің де денсаулығы өте жақсы дейді. Ең қызығы, тоғыз құрсақ көтерген Ұлданай перзентханаға босануға жедел жәрдеммен емес, өзі рөлге отырып, көлігімен келіпті. Аяқ-қолын бауырына аман-есен алған келіншек, дәрігерлердің қарауында тек бір күн ғана жатты. Ал, Жангелдіні қырқынан шығарған соң, жұмысқа кірісемін деп жоспарлап отыр.

Әділбек ЖАПАҚ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + eight =