Ұлан-асыр тойдың айшығы – ұлттық ойын

0 256

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/var/www/www-root/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/wppa-source/album-51/наурыз6-o1.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/aq/data:.) in /var/www/aq/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/plugins/wp-photo-album-plus/wppa-utils.php on line 1998

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/var/www/www-root/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/wppa-source/album-51/наурыз6.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/aq/data:.) in /var/www/aq/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/plugins/wp-photo-album-plus/wppa-utils.php on line 2008

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/var/www/www-root/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/wppa-source/album-51/наурыз3-o1.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/aq/data:.) in /var/www/aq/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/plugins/wp-photo-album-plus/wppa-utils.php on line 1998

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/var/www/www-root/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/wppa-source/album-51/наурыз3.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/aq/data:.) in /var/www/aq/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/plugins/wp-photo-album-plus/wppa-utils.php on line 2008

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/var/www/www-root/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/wppa-source/album-51/наурыз4-o1.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/aq/data:.) in /var/www/aq/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/plugins/wp-photo-album-plus/wppa-utils.php on line 1998

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/var/www/www-root/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/wppa-source/album-51/наурыз4.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/aq/data:.) in /var/www/aq/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/plugins/wp-photo-album-plus/wppa-utils.php on line 2008

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/var/www/www-root/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/wppa-source/album-51/наурыз5-o1.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/aq/data:.) in /var/www/aq/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/plugins/wp-photo-album-plus/wppa-utils.php on line 1998

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/var/www/www-root/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/wppa-source/album-51/наурыз5.jpg) is not within the allowed path(s): (/var/www/aq/data:.) in /var/www/aq/data/www/astana-akshamy.kz/wp-content/plugins/wp-photo-album-plus/wppa-utils.php on line 2008

Елордада Наурыз мерекесіне орай ұлттық спорт ойындары да ұйымдастырылып, көпшіліктің қызу қолдауына ие болды.

Арқан тартыс, бұқа тартыс, асық ату, қазақша күрес, кір тасын көтеру және қой көтеру ер-азаматтардың ғана емес, нәзік жандылардың да назарын аударып жатты. Барлық ойын түрлері бір мезетте басталып, әр түрлі уақытқа созылғандықтан, ұйымдастырушылар олардың жалпы қорытындысын шығаруға асықпады.

Біз келіп жеткенде арқанның екі шетін белдеріне ораған қос жас жігіт тартысып жатыр екен. Бұның бұқа тартыс екенін бірден білдік. Жасөспірімдер арасындағы жарыста Әміржан Қанатбаев қарсыластарының бәрін сүйреп кетсе, ересектер арасынан Бекжан есімді азамат бірінші орынды жеңіп алды. Екеуіне де бағалы сыйлықтар мен құттықтау қағаздары ұсынылды.

Кейін дүйім елдің алдында кір тасын көтергендердің өнеріне тәнті болдық. Сегіз, он алты және жиырма төрт келілік зіл темірді иығында ойнатқан жігіттер өз күштерін кезек-кезек көрсетіп жатты. Ең кіші салмақтағы кір тасын көтергендер ішінен Александр Ломанов бірінші орын алса, Никита Герасимов пен Әлішер Куджанов екінші, үшінші орындарға тұрақтады. Александр сегіз келілік салмақты 170 рет, ал қалған екі жүлдегер тиісінше 115 рет және 110 рет көтерді.

16 келілік кір тасын 142 рет көтерген Асқар Ахметов бірінші орын алса, Қуандық Сүпеев 130-дық көрсеткішпен екінші болды. Үшінші жүлдеге Тағыберген Аманжолов ілікті. Оның жұмыр тасты 91 мәрте бағындыруға шамасы жетті.

Ал 24 келілік кір тасын өз ырқына 72 рет көндірген Нұрсұлтан Түймешовке қарсылас шақ келмеді.

Кезек қазақша күреске келіп жеткенде ол жердегі жарыстың әне-міне аяқталып қалғанын көрдік. Біздің ортада жауырыны қақпақтай жігіттер баршылық екен. Палуан жігіттер арасынан Медет Қанафиннің арқасы жер иіскеместен кетті. Оның ақтық сындағы қарсыласы Аян Ерназаровтың соңғы сәтте сүрінгені болмаса, оны да осал деп айтуға болмайды. Ал үздік үштікке Бақдәулет Сәбитов ілікті. Медет ұйымдастырушылар атынан 200 000 теңгелік сертификатқа ие болса, Аян мен Бақдәулет те үйге құр қол қайтпайтын болды. Екеуіне бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Бір қызығы, қазақша күрес қыздар арасында да өткізіліп, нәзік жан­дылардың қайсарлығы мен күш-қайратына куә болған жайымыз бар. Басқа арулардың басы болған Жәния Бекмұхамедованың соңынан екінші, үшінші жүлдеге Ардақ Еренова мен Гүлжан Абдулманова лайық деп танылды. Төрешілерге наразы болып, айқай-шу көтерген халықты да көзіміз шалмады. Көпшілік асыға тосқан Наурыз мейрамы осындай болса керек. Бірлік пен берекенің, қуаныш пен күлкінің шынайы бет-бейнесі ашылғандай. Бала да, қарт та мәз.

Түс ауғанша созылған жарыстардың ең көп көрермен жинағаны қой көтеру екені айтпаса да түсінікті. Сексен келінің о жақ-бұ жағындағы қазақы қойды ортаға әкелгенде әркімнің әрқалай ойда қалғаны белгілі.

Бірақ тәуекелмен жер тарпып тұрған жігіттер де кездесті. «Не бел, не белбеу кетедіге» салған олардың өңінен еш қаймығу байқалмайды. Керісінше, кезегі жеткенше асығып-ақ тұр бәрі.

Жарыстың ережесі бойынша, қатысушы жерде байлаусыз тұрған қойды иығына салып, күші сар­қылып біткенше орнынан отырып-тұру керек. Ол талапты неше рет орындағанына байланысты өздеріне тиісті орынды қанағат етеді. Яғни, кім көп көтерсе, сол – жеңімпаз. Өзі көтерген қой – өзіне сыйлық.

Қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысын да қазіргі ұрпақ жылы қабылдайды. Қой көтеру де жас пен жасамыстың ерекше қызығушылығын тудырды. Алғаш шыққан жігіттер ақ тер-көк тер боп қойдың ыңғайын таба алмай біраз айналды. Жануарға да жан керек, тыпыршып бір орында тұрар емес. Қатысушылардың олай бір, бұлай бір сілкілегенінен әбден шаршаған қой жарты сағат айналасында «айтқанға көніп, айдағанға жүрді». Содан кейін ғана оны оп-оңай өңгеріп кеткендердің қарасы көбейді. Бірақ қай-қайсысы да Қажы есімді жап-жас жігіттен әрі аса алмады. Жеңімпаз қойды иығына салып, өз орнында 39 рет отырып-тұрды.

Міне, осылайша Наурыз мейра­мындағы ұлттық спорт түрлері ай­рықша бағдарламада өтті. Қазақ хал­қының ескісі жаңарып, жаңасы жаң­ғырғандай болды. Жұртымыз жылқы жылында жақсылықтардан ажырамай, жылы-жұмсақтан кенде болмаса екен. Кешегі өткен мерекеде әр жанардан байқағанымыз осы еді…

Нұрислам Құспанғали

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды