ҰЛАҒАТТЫ ӘУЛЕТ ӨНЕГЕСІ

0 156

????????????????????????????????????

Астанадағы Оқушылар сарайында алғаш рет ұйымдас­ты­рылған «Ұлағатты әулет» қалалық байқауының марапаттау рәсімі өтіп, онда энергетика саласында 274 жылдық еңбек өтілі бар, іргелі Сыздықовтар әулеті жеңімпаз атанды. Ізгілікті шараның ұйымдастырушысы – Астана қаласы әкімдігі.

Соңғы жылдары бақ-бе­реке ұйыған, үбірлі-шү­бірлі өнегелі әулеттерді көп­шілікке кеңірек таныстыру, олардың елеулі еңбектерін насихаттау секілді игілікті шаралар көптеп ұйымдастырыла бастады. Кешегі ізгілікке толы кеш те сондай әдемі дәстүрдің жалғасы деуге болады. Шара шымылдығы Астана әкімі Әсет Исекешевтің құттықтауымен ашылды. Оны жұртшылыққа ел­орда әкімдігінің бас инспекторы
Римма Иманғазинова оқып берді. Онда: «Ұлағатты әулет» бай­қауы – мерейлі отбасылар мен үздік әулеттерді насихаттауға арнал­ған жоба. Елордада бірнеше буын өкілдері бір салада жемісті еңбек етіп жүрген әулеттер баршылық. Халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген жақсы сөз бар. Еліміздің бүтіндіг і мен тәуелсізді­гі­міздің келешегі ең алдымен отбасы институының беріктігіне байланыс­ты. Байқауға қатысқандардың бәрі – мадақтауға лайық, көпке үлгі болған әулеттер. Сондықтан барша отбасыға жеке алғысымды білдіремін» де­лінген құттықтауда.
Одан кейін белгілі қайраткер Айгүл Соловьева сөз алып, отбасы құндылығы жайында салмақты сөз қозғады.
«Негізгі байқаудың мақсаты – көп жылдар бойы бір салада еңбек етіп, жетістікке жетіп, өне­гелі дәстүрді жалғастырған әулет өкілдерін елге таныстыру. Өз са­ласының білгірі атанып, ата жолын жалғап келе жатқан қарапайым әулеттер баршылық. Оларды көп­шілік біле бермейді. Сайысқа 36 отбасы құжат тапсырды. Әрине, алғаш ұйымдастырғандықтан, байқау туралы басқа да әулеттер хабарсыз болуы мүмкін. Бірақ алдағы жылы да айтулы шара жалғасын табады» деді қа­лалық Ішкі саясат басқарма­сының жауапты маманы Сәкен Есіркепов. Сонымен, көпшілікті көп күттір­мей марапаттау рәсімі де басталды. Алдымен сахнаға теміржол са­ласының сарбаздарына айналған 200 жылдан аса еңбек өтілі бар Әлиевтер отбасы көтеріліп, олар үшінші орынға қол жеткізді. Екінші орынды – 220 жылдық еңбек өтілі бар, ұстаздық қызметтің абыройын асырып, ұлағатты дәстүрді жал­ғап келе жатқан Әзеновтер отбасы иеленді. Сахнаға осы әулеттің ақылшысына айналған, ұзақ жылдар бойы ауданда әдістемелік кабинеттің меңгерушісі болған, бүгінде сексенді алқымдаған Бәтжан әжеміздің өзі шығып, мерейлі марапатты алды. Бірінші орынды 109 жылдық еңбек өтілімен, ұстаздар әулетінің династия­сы атанған Арғынбаевтар отбасы жеңіп алды. Ал бас жүлде жоғарыда айтып өткен, елордадағы энергетика саласының дамуына қомақты үлес қосқан Сыздықовтар әулетіне бұйырды. Жүлдегерлердің барлығына да бағалы сыйлықтар табыс етілді.
– Рас айтсам, «Ұлағатты әулет» байқауында топ жарамыз деп ойлаған жоқпыз. Бар болғаны, сайыстың шартына байланысты құжаттарды жібердік. Енді, міне, бас жүлде бұйырып тұр. Әрине, алдымен бізге саналы тәрбие беріп, ізгі жолды нұсқаған ата-анамызға алғысымыз шексіз. Әкем мен шешем де энергетика саласында еңбек етті. Олардың жолын біз жалғадық. Үлкен ағам да – энергетика саласының маманы. Менің өзім 17 жылдан бері осы бағытта еңбек етіп келемін. 1-дәрежелі техникпін. Енді біздің жолымызды балаларымыз қуды. Бұдан артық бізге қандай бақыт керек, – деді Елубай Сыздықов.
Шындығында, бақыт деген сөздің өзі шартты ұғым деп айтады. Төрт құбылаңыз түгел болып, ата жолдан таймай, отбасыңыздың берекесі ұйып тұрса, одан артық қандай
бақыт керек. Елубай ағаның сөзінде жан бар. Оған біз де қосылдық.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + 3 =