Үкіметтік комиссия құрылды

0 17

«Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан аса тұрғындар эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде» деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында. Президент су тасқынына қатысты ахуалға тікелей өзі бақылау жасауда.1 мамыр күні қатты жауған жаңбыр мен күшті желдің әсерінен Сардоба су қоймасындағы бөгет бұзылды. 2 мамыр күні сағат 04.30-да Мақтаарал ауданының шекарасында коллектордан су асып кетіп, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас ауылдарындағы 631 үй судың астында қалды. Тасқын су «Мырзакент-Жеңіс-Жаңатұрмыс» автокөлік жолын шайып, көліктердің жүруіне кедергі жасауда. Осыған орай, Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Алдын ала жасалған болжам бойынша су тасқыны 404 млн теңге зардап әкелген.
Кеше Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалық етуімен комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары кірді. Комиссияның алдына келтірілген залалды бағалау және су басу салдарын жою, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету міндеттері қойылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 18 =