ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БЕЛСЕНДІ

0 196

ERA_3256

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында «Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның даму концепциясы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған қаладағы Үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен жастар қатысты.

Форумда сөз алған «Астана ҮЕҰ форумы» бірлестігінің төрайымы Баян Ахметжанова жергілікті билік пен азаматтық қоғам өкілдерінің арасында жүйеленген қарым-қатынас қалыптасқаны туралы сөз қозғады. «Елбасы мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындады. Біз әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосылуды мақсат етіп отырмыз. Бұл мақсатқа тек мемлекет, қоғам мен әрбір қазақстандық бірлесе күш салғанда ғана жете аламыз. Бұл жерде азаматтық қоғам­ның рөлі ерек­ше. Елбасы осыны айрықша атап өткен болатын» деді ол.

Сонымен қатар, іс-шара барысында мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара әрекеттестігіне қатысты өзекті мәселелер тал­қыланды.

Шараға қатысушыларға әлеу­меттік маңызы бар жобаларды құру жөнінде кеңес берілді. Маңызды жобалардың барлығы Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асырумен қатар, тұрғындардың проблемаларын шешуге бағытталған.

Еркежан Сәтімбек

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − four =