Ұйқыдағы ару оянады

0 382

Қала күні қарсаңында, яғни 3 шілдеде «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында П.И.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің тұсауы кесіледі. 

«Ұйқыдағы ару» балеті – Шарль Пер­­­ро­ ер­те­гі­сі­нің­ же­лі­сі­ бо­йын­ша­ дү­­­­ние­ге­ кел­ген­ П.И.Чай­ков­ский­дің­ туын­­­дысы. Балеттің музыкалық желісі сим­­фониялық дамуға ұласып, ақ пен қара­­ның өзара қақтығысына құрылған. Премьерасы балетмейстер Юрий Григоровичтің жаңа заманауи хореографиялық редак­­ция­­сымен «Астана-Опера» сахнасында қойылады. Ре­сей­­ хореографиясының хас шебері «Ұй­қы­­дағы аруды» балалар ертегісі немесе көңілді думан ретінде емес, басқа балетмейстерлерде жиі кездесетін жан жадыратар поэма сияқты Чайковский музыкасына үндестіріп қояды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven + 18 =