«ҰЙҚЫДАҒЫ АРУ» БАЛЕТІН ТАМАШАЛАДЫ

0 117

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 15 жылдығына орай «Aстана Опера» театрында өткен П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетін тамашалады.

КСРО халық әртісі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Юрий Григорович жаңа редакцияда сахналаған бұл спектакль – елорда төрінде жақында ғана ашылған опера және балет театрында шымылдығын түрген алғашқы қойылым. Сахналық сапасын әлемге әйгілі италиялық театр суретшісі Эцио Фриджерионың шебер үйлестіре білгені сондай, 16 тонналық алтын жалатылған дайын декорация Италиядан елордаға 14 үлкен теңіз контейнерімен жеткізілді.

Әлемдік сахнаның һас шеберлері жасаған тарту бір күнмен тұйықталып қалған жоқ, әрине. Ондағы бас партиялар Аврора ханзада мен Дезире ханшайымға үш жұптан тұратын жетекші солистер – Мәдина Бесбаева мен Рүстем Сейітбеков, Гауһар Усина мен Сержан Кауков және Әйгерім Бекетаева мен Таир Гатауов жақсы дайындалған.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + twenty =