Үйлеріне қайтарып жатыр

0 12

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 14 күн бойы карантинде болған басқа қаланың азаматтарына арнайы көлік бөлді. Елордада карантинде болған азаматтар – шетелден ұшып келген отандастарымыз. Азаматтардан коронавирус анықталмаған, енді олар Алматы, Павлодар, Петропавл, Қарағанды және де басқа қалаларға өз үйлеріне қайтатын болды.– Біз 24 наурыз күні Дубайдан ұшып келдік. Дәл сол күні карантинге «Ramada Plaza» қонақ­үйіне орналастырды. Қонақүйде болған 14 күн ішінде коронавирусқа байланысты бірнеше рет сараптама жасады. Барлығы жақсы болды, – дейді Павлодар қаласының тұрғыны Әйгерім Оразалина. Қарағандылық Ирина Лехман Нұр-Сұлтанға Германиядан ұшып келген. Қалаға түскеннен кейін басқа да жолаушылармен бірге «Ramada Plaza» қонақүйіне орналастырылған. Карантиннің келесі күндерінде ауруханада болған. «Бізге бірнеше мәрте сараптама жасалды. Барлығы да теріс нәтиже көрсетті. Қонақүйдің тағамдары, бізді күткен медицина қызметкерлері де өте жақсы болды. Барлығы үшін ризашылық білдіреміз» деді Ирина Лехман. Өзге қалаларда тұратын азаматтар үйге қайту үшін көлік ұйымдастырған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне алғыс білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × one =