ҮЙІШІЛІК ТӘРБИЕ – ҮЛКЕН МӘДЕНИЕТ БАСТАУЫ

0 355

image10984

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» делінген.

Әлмисақтан ақиқат: ата-анаға, Отанға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі. Сондықтан, отбасы құқының маңызы зор. Әр шаңырақ белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы дейтін болсақ,  ондағы тәлім-тәрбие – жалпы мәдениеттің, этиканың бастау бөлігі.

Қазақстан Республикасының неке және отбасына қатысты құқықтық ұстанымының негіздері мен көзқарасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы кодекске және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге негізделеді. Осы орайда елорда азаматтарының заңды құжаттарының болуын қамтамасыз етуге, олардың конституциялық құқылары мен бостандықтарын қорғауда негізгі жауапкершілік аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына жүктеледі. Себебі, адам баласы жарық дүние есігін ашқан сәттен бастап оның азаматтық құқы құжат алудан бас­талады. Азаматтық хал актілері жазбалары – құзіретті органның уақиғалар мен әрекеттер түпнұсқасын куәландыру мақсатындағы жазбаша мағлұматтар. Отбасылық құндылықтарды, егіз, үшем балаларды тіркеу, ұлттық дәстүр бойынша тегін ауыстыру, ұлттық дәстүр бойынша жаңа туған балаға әкесінің не атасының атын беру, салтанатты түрде жас-жұбайлардың некесін қиюды насихаттау – біздің басты міндеттеріміздің бірі.

Елімізде Отбасы күні бекітілгеннен бері елордамызда жиырма үш мыңнан астам бала дүниеге келіп, тоғыз мыңнан астам неке тіркеліпті. Бұл дегеніміз – отбасылық демографиялық саясаттың дұрыстығының, халқымыздың әл-ауқатының артқандығының дәлелі.

 

Бақытжамал БАЗАРБАЕВА,

Есіл аудандық әділет басқармасы АХАТ бөлімінің басшысы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − 7 =