Үйі жоқ жандар орталыққа жеткізілді

0 75

16683855_10207124175417236_333001007270021061_n-asli

Арқаның аязында үй-күйі жоқ жандарды үсік шалуы мүмкін. Оның алдын алу мақсатында елордалық полицейлер демалыс күндері қаланың әрбір  қуысы мен бұрышын аралап, 114 адамды анықтады.

Іс-шара кезінде қиын жағ­­дайға тап болғандарды жылу трассаларынан, жер­төлелерден, қараусыз қалған саяжайлар мен темір жол то­рабы маңайынан іздеді. Нәтижесінде, екі күн ішінде Астана қаласы Жергілікті полиция қызметінің мамандары осындай белгілі тұрағы жоқ 114 адамды тапты. Бүгінде олардың барлығының жеке басы анықталып, қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы нақтылануда. Арнайы әңгімелесу арқылы олардың түзу жолға түсуі үшін алдын алу жұмыстары қолға алынды.
«Жедел алдын алу шарасы аясында 62 адам Астана қаласының медициналық-әлеуметтік бейімдеу орта­лығына жеткізілді. Соны­мен қатар, 52 адам қала әкім­дігінің Белгілі тұрағы жоқ тұл­ғаларға арналған бейімдеу орталығына орналастырылды. Орталық мамандары оларға медициналық, құқықтық кө­мек беріп қана қоймай, жұ­мысқа орналасуға жәрдем беретін болады» дейді Астана қаласы ІІД Жергілікті по­ли­­ция қызметінің маманы Ләззат Бисембаева.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + 9 =