«Үйдегі дәрігер» жобасы неге шикі?

0 24

Елордада «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында жоспарланған – отбасылық денсаулық орталықтары мен дәрігерлік амбулаториялар ашылмай қалуы мүмкін. Бұл туралы Nur Otan партиясы филиалының Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесте айтылды.

Қала бойынша 10 жобаның тек 7-еуі ашылған. Ал медицина қызметкерлеріне арналған жатақханалар мен 100 орындық шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үй құрылысы әлі басталмады, – дейді партия мүшелері. Сондай-ақ заманауи жұқпалы аурулар ауруханасы мен ересектерге арналған оңалту орталығы және перзентхананың құрылысы да басталмаған. Жоспар бойынша аталмыш нысандар 2023-2024 жылдары ашылуы тиіс.
– Өңірлік кеңестен жоспарланған құрылыс учаскесіне Парламент Мәжілісінің депутаты Павловец Лариса Павловнаның қатысуымен көшпелі мониторингті жүргізілді. Онда бөлінген учаскелерде ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмегенін, сондай-ақ құрылыс басқармасында құжаттар болмаған. Өңірлік кеңестің мониторингі нәтижесінде 12.1, 12.3, 12.4-тармақтарды орындамау тәуекелі анықталды, – дейді Nur Otan партиясы жанындағы өңірлік қоғамдық кеңестің ұлт денсау­лығы мәселелері жөніндегі төрайымы Динара Оразалина.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =