Үйде оқытуға көмек беріледі

0 15

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ерекше қажеттілігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау үшін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжат тапсыруға тиіс екендігін хабарлайды.

Порталға жүгіну үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш сұрау салу;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі;
өтініш берушінің және мүгедек баланың жеке басын куәландыратын құжаттарының электрондық көшірмесі;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;
банк шотының электрондық көшірмесі.
Порталда жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Анықтама үшін телефондар: 55-01-74, 55-14-87, 55-74-50, 55-72-32.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 5 =