Үгіт-насихат барысымен танысты

0 22

Елорда басшысы Алтай Көлгінов праймеризге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарымен танысты.

Праймеризге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 400 адам қатысып жатыр. Бір орынға – 18 үміткер! Бұл азаматтардың бастамаларында қаланың түрлі бағыт пен саладағы даму жолына көзқарасы тұрғаны байқалады.
– Партияішілік праймериз аясындағы үгіт-насихат жұмысымен таныстым. Үміткерлердің сайлауалды бағдарламалардың ішінде қала мен тұрғындар үшін маңызды бағыттарды атап өттім. Олар – тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың модернизациясы, баспана бағдарламаларына енгізілетін қосымша механизмдер, шағын және орта бизнеске жағдай жасау, жастарға алғашқы еңбек тәжірибесін алуға көмек сияқты келелі істер. Үміткерлер сонымен бірге ерекше қажеттігі бар жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мәселесін де ұмытпаған екен. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында осы бағыттардың дамуына мән берген болатын. Қалалықтардың бұл мәселелер жөнінде әлеуметтік жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымы бары қуантпай қоймайды. Дауыс беруге қатысып, үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен танысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авторизация жасадым. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді, – дейді Алтай Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 8 =