UFC – ең қызықты жекпе-жек

0 22

Әлем жанкүйерлерін қызықтыратын UFC жекпе-жектеріне жолы түскен қазақстандық Жалғас Жұмағұлов тағы да жеңілістің ащы дәмін татты.

Абу-Дабидің «Жекпе-жек аралында» өткен атақты Конор Макгрегор мен Дастин Пурье арасындағы жекпе-жектің андрекартында Жалғас Жұмағұлов швециялық Әмір Альбазимен (14-1) кездесті. Жерлесіміз бес минуттан үш раундқа есептелген жекпе-жекті жап-жақсы бастағанмен, «төбелестің» шешуші кезеңдерінде қарсыласы ширақтық танытып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Жалғас Жұмағұлов (13-4) өткен жылдың жазында UFC турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, ол жолы да бразилиялық Раулиан Пайвилден (20-3) жеңілген еді.
Енді версия басшылығы қазақстандық спортшының келешекте UFC турниріне қатысатыны-қатыспайтыны туралы шешім қабылдайтын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × five =