Учаскелік инспектор – тұрғындар чатында

0 48

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және «Полиция – қадамдық қолжетімділікте» қағидаты бойынша негізгі рөл учаскелік полиция инспекторларына берілетінін айтты. Бұдан былай тығыз учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтардың алдын алуда халықпен байланыс орнатуды басты мақсат етіп отыр.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшысы, полиция генерал-майоры Ержан Саденовтің айтуынша, елордада учаскелік полиция инс­пекторлары мен ПИК өкілдерінің бірлескен чаты қаладағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қосымша ресурс ретінде тиімділігін көрсетті. Бүгінде әрбір учаскелік полиция инспекторына 4 мың азаматтан келеді. Осыншалықты жұмыс көлемін орындау үшін полицейлерге «whatsapp» мессенджеріндегі чаттардың көмегі зор. «Учаскелік полиция инспекторларының өз­ара іс-қимылы барлық деңгейде ұйымдастырылған. Елордалық учаскелік полиция инспекторлары «whatsapp» мессенджеріндегі өздеріне қарасты әкімшілік аумақта орналасқан үйлердің чаттарына қосылады, бұл пайдалы болып отыр. Алайда полиция қызметінде үйлер мен аулаларды аралап-тексеріп, тұрғындармен көзбе-көз сөйлеспей болмайды» деді Ержан Саденов.
Қысқа уақыт ішінде осындай іс-қимыл жасау әдісі тұрғындар арасында оң нәтиже көрсетті. Осы чаттар арқылы учаскелік инспекторлар азаматтардың мәселелері туралы ақпарат алып, азаматтардың қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішкен, рұқсат етілмеген орындарда темекі шеккен, тыныштықты бұзған, ұсақ бұзақылық жасаған, қаланың абаттандыру қағидасын бұзған жағдайда тиімді шаралар қабылдайды.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінде 300-ден астам учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады, мысалы, Бараев көшесі бойынша 10/1 үйдің тұрғындары өздерінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Батыр Жолтаевқа алғыс білдіреді. Жалпы үйдің чатына тұрғындардан көршінің мас күйде жанжал шығарып жатқаны туралы ақпарат түскен бойда дереу учаскелік полиция инспекторы араласып, тәртіпсіздік тоқтатылған. Учаскелік инспектор күн сайын әкімшілік учаскені аралайды. Бір аптаның ішінде осы мекенжайда 12 құқықбұзушы анықталған. Барлық тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 440-шы бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Сондай-ақ «Сырдария» ТҮК тұрғыны «Біздің учаскелік инс­пектор Серікқали Қуанышевтің арқасында 140 пәтерден тұратын бір кіреберісті үйде тазалық пен тәртіп орнады. Ол барлық сұрақтарға уақтылы ден қояды, пәтерлерді аралайды, тұрғындардың арыздары мен шағымдарына назар аударады. Чатқа учаскелік инспектордың қатысуы құқық бұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізеді. Біздің кіреберіс­те қоқыс тастамайды, темекі шекпейді» деп алғыс білдіріпті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =