ҰБТ: тікелей көрсетілім

0 57

Нұр-Сұлтанда ҰБТ маусымның 20-сы мен шілденің 5-і аралығында үш ЖОО-да өтеді: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау, жедел респираторлы белгілері және басқа да инфекциялық ауру белгілері бар азаматтарды өткізбеу мақсатында ҰБТ-ға қатысушылар мен оған тартылған қызметкерлерді сүзгіден өткізу; әлеуметтік қашықтықты сақтау және адамдардың топтаспауы үшін аудиторияға кіру-шығу бағыттарын жасау; сонымен бірге аудитория ішінде желдету жүйесінің болуымен қамтамасыз ету мәселелері қадағаланады.
Айта кетейік, биыл елорданың жалпы білім беретін мектептерін 6515 түлек аяқтады. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуге 6199 оқушы өтініш білдірген, яғни 96 пайызды құрайды. Олардың 3665-і ҰБТ-ны – мемлекеттік тілде, 2495 түлек – орыс тілінде және 39-ы ағылшын тілінде тапсырады.
Тестілеу уақыты – 3 сағат 50 минут, 2 блоктан тұрады. 3 негізгі пәннен 20 тапсырма және 2 бейіндік пәннен 30 тапсырма болады.

Ата-аналарға ескерту:

ҰБТ қатысушыларымен бірге келген ата-аналары үшін арнайы күту орындары қарастырылмақ. Сонымен бірге адамдардың көптеп жиналуын болдырмау үшін, балалардың денсаулығы мен сақтық шаралары үшін ата-аналардан үйде қалулары сұралады. Олар үшін онлайн режимде аудиториядан тікелей көрсетілім ұйымдастырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =