ҰБТ науқаны нақтыланды

0 97

Астана қаласы бойынша ұлттық бiрыңғай тестiлеуге дайындық жұмыстары басталды. Биылғы сынаққа қала мектептерiн тәмамдаған 3786 түлек қатысады деп жоспарлануда.

Бiлiм басқармасының мәлiметiнше, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi ақпан айының басында №64 мектеп-лицейде биылғы ҰБТ-ны өткiзу жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзген. Бұған мектеп басшылары, мұғалiмдер мен ата-аналар қатысқан. ҰБТ-ға қатысу жөнiндегi арыздарды қабылдау мерзiмi 10 наурыздан 25 сәуiрге дейiн қабылданады. Тестiлеу 1-15 маусым аралығында ҰБТ өтетiн пункттерде жүргiзiледi. Әрбiр пән бойынша тестiк тапсырмалар 25 сұрақтан келедi.
ҰБТ жүргiзуге 3,5 астрономиялық сағат берiледi. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берiлмейдi. ҰБТ кезiнде аудиторияға тек министрлiктiң өкiлi немесе мiндеттi түрде министрлiк өкiлiнiң алып жүруiмен мемлекеттiк комиссия-ның өкiлi кiре алады.

Гүлжан РАХМАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =