ҰБТ-ға дайындық басталды

0 102

Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен Ұлттық тестiлеу орталығында өткен көшпелi кеңесте 2012 жылғы ұлттық бiрыңғай тестiлеуге дайындық барысы талқыланды.

Ұлттық тестiлеу қолданысқа енген сегiз жылдың iшiнде оған 1 млн 200 мың адам қатысыпты. Биыл тестiлеуге 125 мың мектеп бiтiрушi түлек қатысады деп болжанып отыр. Бұл барлық бiтiрушiлердiң шамамен 80 пайызын құрайды. Наурыздың 10-жұлдызынан сәуiрдiң 25-не дейiн ел аумағындағы барлық мектептерде тестiлеуге қатысуға өтiнiштер қа-былдана бастайды. Заң бойынша жоғары бiлiм алуға ниеттi түлектер ҰБТ қатысуға мiндеттi. Қазақстан Үкiметiнiң айқындауымен Назарбаев зияткерлiк және халықаралық мектептердiң оқушылары ғана осы мiндеттемеден босатылады. Биыл ҰБТ 154 пунктте өтедi. Тестiлеуге дайындық жасау үшiн ағымдағы жылы – 439101 рет сынама тесттер өткiзiлген. Тестiлеу орталығы 900 мың сынама сұрақ-кiтапша, 200 мың оқу-әдiстемелiк құрал шығарған. Жаңа тест тапсырмаларын дайындап, сараптама жасау үшiн 166 мектеп мұғалiмi тартылды. Олардың барлығын өңiрлiк бiлiм басқармалары ұсынған.
ҰБТ өткiзу кезiнде аймақтарға 1200 министрлiк өкiлдерi жiберiлмек. Олар арнайы оқытудан өтедi. ҰБТ әдiл және ашық түрде өткiзудi қамтамасыз ету үшiн әрбiр белгiленген пунктте ұялы байланысты үзетiн құралдар мен бейне- бақылау камералары орнатылады.

Шынар ӘБIЛДА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + 20 =