ҰБТ: Елордада орташа балл – 81,3

0 90

Елордада Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы шығарылды. Қалада ҰБТ бойынша орташа балл көрсеткіші – 81,3. Жалпы есептік көрсеткіш бойынша Астана Алматы қаласынан кейінгі екінші орында тұр. Бұл туралы astаna.kz сайтына Астана қаласының Білім басқармасынан мәлімдеді.

«Барлығы 3073 түлек тәуелсіз сыртқы бақылаудан өткен болса, тест сынағына 84,5 пайыз түлек қатысты. Ал орташа балл – 81,3 балл», – деді ведомстводан.
ҰБТ сынағынан жоғарғы деңгейдегі көрсеткішке ие болған мектептердің тізімі төмендегідей. Ең жоғары орташа балл: «Зерде» №9 дарынды балаларға арналған мектеп – 116,09, дарынды қыз балаларға арналған ҚТЛ -110, «Нұр Орда» ҚТЛ 106,07, дарынды ер балаларға арналған ҚТЛ 103, 13, №50 мектеп-лицей 102, 53, сондай-ақ, №38 мектеп лицейі 102,10 орташа балл жинап, үздіктердің қатарынан көрінді.

ҰБТ қорытындысына сәйкес №46 мектеп-гимназиясының түлегі Александра Шалагаева мен №54 мектеп-лицейдің түлегі Лаура Жауханова ең жоғары 123 балл жинаған. Сонымен қатар, 629 қатысушы 100-ден 123-ке дейін балл жинаған.

Аталған басқарманың мәліметіне сүйенсек, 66 мектеп бітіруші «Алтын белгі» үздік аттестатын сәтті қорғап шыққан. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 564 түлек қорытынды емтихан тапсырса, олардың 218-і – халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. Қалған мектеп бітірушілер шетелде немесе колледждерден білім алады. ҰБТ-ға қатыспаған 3 мектеп бітіруші кешенді тестілеуге қатысатын болады. Ал, 17 оқушы сырқатына байланысты қорытынды аттестаттаудан босатылған.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + fifteen =