ҰБТ-да АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЗДІК ТАНЫЛДЫ

0 136

7f1fc00b6db2e73964a7fd3767a2ede2

Алматы мектептерінің оқушылары үш жыл қатарынан ұлттық тестілеуде үздік нәтиже көрсетіп келеді. Соның арқасында олар республика аймақтарында жоғары көрсеткішке қол жеткізуде.  Бұл туралы Алматыдағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«2-8 маусым аралығында 155 орында өткен ҰБТ-ға 87600 бітіруші немесе олардың 95% қатысты. Жүз балдан жоғары нәтижені 13100 талапкер немесе 15% көрсетті. Өткен жылы жүзден жоғары балл жинағандар 12% құраса, ол бүгінде 3%-ға артқан. Ең жоғарғы 125 ұпайды 4 оқушы иеленді», – деді ҰБТ-ның қорытындысына арналған жиында білім министрі.

Министрдің айтуынша, апелляцияға 402 сұрақ келіп түскен. 14 маусымға дейін оның 64 сұрағы қанағаттандырылған.

Ал, шектік 50 балды 20200 талапкер немесе 23% жинай алмаған. Өткен жылы шектік баллды 27,5 мың оқушы немесе 28% жинай алмаған болатын. Демек, көрсеткіш 5%-ға жақсарды деуге болады.

Жалпы, министрліктің берген мағлұматы бойынша республикада орташа балл 2,4 баллға артқан.

«Бұл көрсеткішті ҰБТ-ға дайындықтың жақсарғанынының дәлелі ретінде қарастыруға болады. Егер, өткен жылы орташа балл 74,5 баллды құраса, биыл ол еліміз бойынша 76,9-ға жетті», – деді Аслан Сәрінжіпов.

– Ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы бойынша, қала мен ауыл арасындағы айырмашылық әлі де 10 балл көрсеткішінде  сақталып келеді деді министр.

«Облыстарды жеке қарастыратын болсақ, барлық өңірдің нәтижесі биыл жақсарған. Бірінші орында Алматы қаласының түлектері тұр. Биылғы көрсеткіш 92,6 балл, өткен жылы бұл 86,7 баллды құраған. Екінші орынға 87,5 баллмен Астана қаласы орналасты. Үшінші орында – Ақтөбе облысы. Одан кейін Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары сәйкесінше орналасқан», – деді ҚР Білім және ғылым министрі.

Оның айтуынша, ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл қалада да, ауылда да өскен. Бірақ, қала мен ауыл арасындағы 10 балл айырмашылық әлі де сақталып келеді.

«Өткен жылы қаладағы орташа балл 79 болса, биыл 81,5 балл, ал ауылда былтыр бұл көрсеткіш 70,3 балды құраған болса, биыл орташа балл – 72,19», – деді Аслан Сәрінжіпов.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven − six =