ҰБТ басталды

0 63

Елордада ҰБТ 6 мамыр мен 30 маусым аралығында «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша электрондық форматта өтеді. Биыл астаналық 7567 оқушы мектеп бітіреді.Ұлттық бірыңғай тестілеу 6 мамырдан 30 маусым аралығында екі рет тегін негізде өткізіледі. ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеуден өту күні мен уақытын әр оқушы өзі таңдай алады. Ал пәндер саны өзгеріссіз, үш міндетті және екі профильді пән сақталған. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Оқушыларда электрондық аспаптардың, ұялы телефондардың бар-жоғы металл іздегіш арқылы тексеріледі.
Санитарлық-эпидемиология­лық талаптарға байланысты тест өтетін орынға ата-аналарымен бірге келуге рұқсат жоқ. Тестілеу барысын тікелей эфир арқылы бақылауға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 5 =