ҰБТ басталады

0 95

Биыл Астананың 3292 оқушысы ҰБТ-ға қатысса, 379 оқушы өз мектептерінде емтихан тапсырады. Ал, 15 оқушы денсаулығына байланысты ҰБТ мен емтиханнан босатылған.

Биылғы тестте былтыр­ғыдан айтар­лықтай ерекше­лік жоқ. Тек тексеру аз бола­ды. Оқу­шылар ай сайын Білім басқармасы берген тест­ті тапсырумен қатар, уни­вер­ситет база­сында екі рет тесттен өтті. Ал, «Алтын белгі» үміткерлері жеке пәндер бойынша қаланың ең үздік мұғалімдерінен қосымша сабақ алды. Атап айтқанда, биыл елордада «Алтын белгіге» үміткер 141 оқушы бар.

Енді ҰБТ тапсыру 3, 5, 7 маусымда Л.Гу­милев атындағы Еуразия Ұлттық универси­те­тін­де, С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ Агро­тех­никалық университетінде және Қазақ гу­манитарлық Заң универси­тетінде жүр­гізіледі.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 1 =