«UBER» ел нарығына енеді

0 113

Кеше елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың қатысуымен шаһар басшылығы, ҚР Қаржы министрлігінің Мем­лекеттік кірістер комитеті және «Uber» компаниясы арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Малика

Әлемнің 70-тен астам мемлекетінде қызмет көр­сететін халықаралық компания қазақстандық нарыққа елордадан бастап кірмек.
Аталмыш құжатқа сәйкес, «Uber» тек кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген серіктестермен ғана жұмыс істейді. Автоматтандырылған есеп айырысу жүйесінің арқасында компания отандық нарықта жүргізушілер кірісінің айқын болуына және салықтардың бюджетке толық төленуіне жағдай жасайды.
– Әрине, бұл – біз үшін айтулы оқиға. «Uber» компаниясымен көптен бері келіссөздер жүргізіп келеміз, оның Қазақстан нарығына осы Астанадан бастап кіретініне қуаныштымыз. Жүйе айқындылығының арқасында шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашылып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер ұлғаяды. Ал ең маңыздысы, нарықта тағы бір әлемдік бренд болады, – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова. Оның айтуынша, жолаушылар тасымалы нарығына жаңа компанияның енуі елордалық бизнестің дамуына үлкен серпін бермек.
«Uber» – пайдаланушылар мен жүргізуші-серік­тестерді байланыстыратын технологиялық платформа. Мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруші кісі жүргізуші мен машинаға резерв қойып, оның белгіленген жерге дейінгі қозғалысын бақылай алады. «Uber» қарапайымдылығымен, қауіпсіздік талаптарының
жоғары болуымен, қолма-қол ақшалай төлемдердің жоқтығымен ыңғайлы. Өз кезегінде стартаптың ТМД мемлекеттері бойынша бас менеджері Алексей Стах қазақстандықтар күткен қолайлы сервисті ұсы­нуға уәде берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 2 =